L01DB01 Доксорубицин¹ (Doxorubicin)
Қолдану көрсеткіштері
жедел лимфобластты және миелобластты лейкоздар; қатерлі лимфомалар; сүт безінің, өкпенің (әсіресе, ұсақ жасушалы обыры), қуықтың, қалқанша бездің, аталық бездердің обыры; остеогенді саркомалар және жұмсақ тіндер саркомалары; Юинг саркомасы; нейробластома; Вильмс ісігі.
Қарсы көрсеткіштері
Басқа да химиялық ем препараттарын қабылдаудан немесе сәулемен емдеуден болған сүйек кемігі функциясының айқын төмендеуі (3,5х109/л төмен лейкопения, 120х109/л төмен тромбоцитопения); басқа да химиялық ем препараттарын қабылдаудан немесе сәулемен емдеуден болған ауыр стоматит; алдында жиынтық дозалар шегіндегі антрациклиндермен емдеу; доксорубицинге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа да антрациклиндерге және антрацендиондарға жоғары сезімталдық; айқын аритмия, жүрек жеткіліксіздігі белгілері, алдыңғы миокард инфарктісі және миокардит; бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылуы; жайылған инфекциялардың болуы; асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы; қан кету; туберкулез; жүктілік және бала емізу кезеңі. Қуыққа енгізу жолымен емдеуге қарсы көрсетілімдерге мына жағдайлар жатады: қуық қабырғаларына пенетрацияланған инвазиялық ісіктер; несеп жолдарының инфекциялары; қуықтың қабынуы; катетерлеуді жүргізу қиындықтары (мысалы, қуық ішіндегі ауқымды ісіктердің болуына орай); тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар.
Қауіпсіздік шаралары
Тіндердің ауыр және өршитін некрозы дамуы себебінен тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізбеу. Кардиоуытты, препаратпен ем жүргізу уақытында және емді бастауға дейін оның ауыр зақымдану қаупін барынша азайту үшін жүрек қызметін бақылау керек. Дозаны жоғарылатқанда кардиомиопатияның даму қаупі артады. Миелосупрессияның даму қаупіне байланысты шеткергі қан талдауын үнемі жүргізіп отыру. Ол гиперурикемияны тудыруы мүмкін, сондықтан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз ететін қандағы зәр қышқылының деңгейін бақылау қажет. Прелейкемиялық фазасы бар немесе онсыз қайталама лейкоздың дамуы жағдайы болған.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Доксорубицин басқа да ісікке қарсы дәрілер уыттылығын күшейтуі мүмкін. Циклофосфамидтен болған геморрагиялық цистит өршіген және 6-меркаптопуриннің гепатоуытты әсері күшейген жағдайлар сипатталған. Доксорубицинді цитарабинмен біріктіріп қолданғанда некроздық колит және ауыр инфекциялық асқынулар дамуы мүмкін. Доксорубицин циклоспоринмен бір мезгілде қолданылғанда кома және/немесе құрысулар дамуы мүмкін; циклофосфамидпен, флюороурацилмен, С митомицинмен немесе жүрек-қантамыр препараттарымен (мысалы, кальций өзекшелерінің блокаторларымен) кардиоуыттылық әсерінің күшеюі мүмкін; осыған орай, емдеудің бүкіл курсы бойына жүрек функциясына мұқият мониторинг жасау ұсынылады; стрептозотоцинмен немесе метотрексатпен (немесе олардан кейін бірден) доксорубициннің жартылай шығарылу кезеңі ұзаруы мүмкін, клиндамицинмен айқаспалы сезімталдық болуы ықтимал. Урикозуриялық препараттармен үйлестіріп қолданғанда нефропатияның даму қаупі артады. Доксорубицин сәулеленуден болған миокардқа, шырышты қабықтарға, теріге және бауырға уыттылық әсерін күшейтеді. Препаратты бір шприцте гепаринмен, 5-фторурацилмен және кез келген басқа препараттармен араластыруға болмайды. Сілтілі ерітінділермен жанасқанда доксорубицин гидролизіне алып келеді. Алюминиймен жанасуға жол беруге болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа бұзылулар кезінде сақ болыңыз; ауыр бұзылыстар үшін қолдануға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялар және паразиттік аурулар. Сирек: сепсис, септицемия.Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған ісіктер(кисталар мен полиптерді қоса). Жиі емес: жедел лимфоцитарлық лейкемия, жедел миелоцитарлық лейкемия. Қан мен лимфа жүйесінің бұзылуы. Өте жиі: миелосупрессия, оның ішінде лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия.Иммундық жүйенің бұзылуы.Сирек: анафилактикалық реакциялар.Эндокриндік жүйенің бұзылуы.Өте сирек: аменорея, ыстық толқындар(ысынулар),олигоспермия, азооспермияЗат алмасу мен тамақтанудың бұзылуы.Өте сирек: гиперурикемия.Көру органы тарапынан бұзылулар.Жиілігі белгісіз: конъюнктивит / кератит, лакримацияның(көз жасаурауының) жоғарылауы.Жүрек-тамыр жүйесі жағынанӨте жиі: кардиоуыттылық.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.