L01CB01 Этопозид (Etoposide)

Қолдану көрсеткіштері

Ұсақ жасушалы және резистентті ұсақ жасушалы емес өкпе обыры; лимфогранулематоз; аталық безі ісігі; аналық безі обыры; Капоши саркомасы.
    Клинические протоколы:
  1. Множественная миелома и злокачественные плазмоклеточные новообразования
  2. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  3. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  4. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  5. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  6. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  7. Аутологичная трансплантация костного мозга
  8. Рак предстательной железы
  9. Рак мочевого пузыря
  10. Рак поджелудочной железы
  11. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  12. Опухоли средостения
  13. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  14. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  15. Саркомы мягких тканей
  16. Рак кожи
  17. Рак легкого
  18. Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; жедел инфекциялар; миелосупрессия (нейтрофильдер саны 1 500/мкл төмен және/немесе тромбоциттер саны 75 000/мкл төмен).

Қауіпсіздік шаралары

Қан құрамын жүйелі түрде бақылау емдеу басталғанға дейін, үзілістерде және препаратпен әрбір келесі ем курсының алдында жүргізілуі керек. Егер препаратпен емді бастамас бұрын сәулелік ем және/немесе химиотерапия жүргізілген болса, сүйек кемігі қызметінің қалпына келуін қамтамасыз ету үшін осы екі түрлі емдеу арасында жеткілікті аралықты сақтау керек. Тромбоциттер саны 50000/мкл төмен және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік саны 500/мкл дейін болған жағдайда, қан көрсеткіштері толығымен қалпына келгенше емдеуді тоқтату керек. Қайталама курсын тек шеткергі қан көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін ғана жүргізеді. Эпилепсия кезінде сақтықпен қолдану.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Цисплатин (бұрын цисплатинмен емделген науқастарда этопозидтің шығарылуының бұзылуы мүмкін екендігін ескеру керек) - этопозидтің ісікке қарсы әсерінің күшеюі.Этопозидті бір ерітіндіде басқа препараттармен араластыруға болмайды.Сілтілік pH мәні бар ерітінділермен фармацевтикалық үйлесімсіз.Тірі вакциналар - ауыр инфекциялар қаупі. Вакцинацияны емді аяқтағаннан кейін 3 айдан соң жүргізу керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен болғанда қабылдауды болдырмау. Креатинин клиренсі 15-50 мл/мин кезінде дозасын төмендету.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бұзылыстарында қабылдауды болдырмау.

Жүктілік

Тиімді контрацепция әдістерін пайдалану. Жүктілік кезінде қолдануды болдырмау.

Емізу

Емдеу кезінде тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, тез шаршағыштық, сананың шатасуы, гиперкинезия, акинезия, аяқ-қолдардың жансыздануы, шеткергі нейропатия, көру жүйкесінің невриті, қабықтық генезді көрудің өтпелі жоғалуы; ауыздағы қалдық дәм; бұлшықеттік құрысулар.Тыныс алу жүйесі тарапынан: ентігу, бронх түйілуі, жөтел, ларингоспазм, интерстициальді пневмонит/өкпе фиброзы, цианоз.ЖҚЖ тарапынан: электрокардиограммадағы патологиялық өзгерістер, аритмия, артериялық гипертензия, миокард инфарктісі; гипотензия (жылдам енгізу кезінде).Қан жүйесі тарапынан: анемия, лейкопения, тромбоцитопения, жедел лейкоз.Ас қорыту жүйесі тарапынан: АІЖ бұзылыстары; анорексия, эзофагит, дисфагия, бауыр қызметінің бәсеңдеуі.Несеп шығару жүйесі тарапынан: гиперурикемия, метаболиттік ацидоз, мочевина азоты және креатинин деңгейінің жоғарылауы; азооспермия, аменорея.Тері тарапынан: пигментация, сәулелік дерматит, бөртпе, есекжем, эритема, қышыну, алопеция, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз; жоғары тершеңдік.Иммундық жүйе тарапынан: анафилактикалық реакциялар симптомдары, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, стоматит, флебит; препараттың тері астына енуі кезінде - қоршаған тіндердің некрозына дейінгі жергілікті тітіркену белгілері.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.