L01BC08 Децитабин¹ (Decitabine)
Қолдану көрсеткіштері
Стандартты индукциялық химиотерапия сәйкес келмейтін, 65 жастан асқан науқастарда алғаш анықталған жедел миелоидты лейкоз.Клиникалық хаттама: 1. Ересектердегі миеолодиспластикалық синдром
-
Клинические протоколы:
- Миелодиспластический синдром у взрослых
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Децитабинге немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Препаратпен емдеу кезінде миелосупрессия және миелосупрессияның асқынуы, соның ішінде инфекциялар мен қан кету күшейеді. Этиологиясы инфекциялық белгілері болмаса, өкпелік инфильтраттарды, өршімелі пневмония және өкпе фиброзын қоса, өкпенің интерстициальді аурулары дамуы мүмкін. ӨИА жоққа шығару мақсатында өкпе симптомдарының жедел басталуы немесе түсініксіз нашарлауы болатын пациенттерде мұқият бағалау жүргізу керек. Ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе клиникалық тұрғыда тұрақсыз жүрек ауруы бар пациенттерге қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Көлік құралын жүргізу және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақтық танытқан жөн.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда сақтықпен қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Емдеу кезінде және емдеуді аяқтағаннан кейін 3 айдың ішінде контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Қарсы көрсетілген. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: пневмония, несеп шығару жолдарының инфекциялары, түрлі инфекциялар, фебрильді нейтропения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, бас ауыруы, мұрыннан қан кету, диарея, жүрек айнуы, құсу, пирексия.Жиі: септикалық шок, сепсис, синусит, аса жоғары сезімталдық, стоматит.Жиі емес: панцитопения, жедел фибрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы).
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмағандықтан қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді