L01BB04 Кладрибин (Cladribine)
Қолдану көрсеткіштері
Түкті - жасушалық лейкоз, созылмалы лимфолейкоз қатерлі ісіктің төмен және аралық дәрежелеріндегі ходжкиндік емес лимфомалар.Клиникалық хаттама: 1. Лангерганс жасушаларынан гистиоцитоз
-
Клинические протоколы:
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, сүйек кемігі функциясының айқын бәсеңдеуі, жедел инфекциялық аурулар.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Цитоуытты препараттармен емделгеннен кейін немесе сәулеленгеннен кейін бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар науқастарды емдегенде сақтықпен қолданған жөн. Көлік құралдарын жүргізуден немесе басқа қауіпті механизмдерді басқаруда сақ болу.Сәулеленген қанға ғана қолдану.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа миелоуыттық препараттар - сүйек кемігі функциясының аддитивтік бәсеңдеуі ықтимал. Жоғары (стандарттан асырылған) дозада, циклофосфамидпен және сәулелі еммен - нейроуыттылық (қайтымсыз пара- және тетрапарездер) және нефроуыттылық (жедел бүйрек жеткіліксіздігі) артады. Аллопуринол, антибиотиктер - тері бөртпесін күшейтеді. Лейкладин деградациясының күшеюіне байланысты инфузиялық ерітіндіні дайындағанда 5% глюкоза ерітіндісін пайдалануға болмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі (лейкопения), нейтропения, тромбоцитопения, анемия (апластикалық, гемолитикалық), панцитопения, өте сирек миелодиспластикалық синдром, қызба, бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық, шеткергі сенсорлық нейропатиялар, терінің қабыршықтануы, қышыну, тері бөртпесі, есекжем, иммунитеттің төмендеуі, Herpes simplex, Herpes zoster, Cytomegalovirus туғызатын оппортунистік инфекцияларға бейімділік, жөтел, тыныс алудың жиілеуі, пневмонит, трансаминазалардың, сілтілік фосфатазалардың, билирубиннің орташа қайтымды көтерілуі, тері астына қайталап енгізгенде инъекция орны орташа ауыруы мүмкін, көктамыр ішіне енгізгенде – тромбоз, флебит, миалгия, артралгия, әлсіздік, астения, қатты қалжырау, ісінулер, тахикардия, жүрек айнуы, құсу, іш аймағындағы ауыру, диарея, іш қату, анарексия, пурпура, петехиялар, мұрыннан қан кету.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді