L01AX04 Дакарбазин¹ (Dacarbazine)
Қолдану көрсеткіштері
Метастастаздық қатерлі меланома. Кеш сатыларда біріктірілген ем құрамында: Ходжкин ауруы және мезотелиома мен Капоши саркомасын қоспағанда, ересектердегі жұмсақ тіндер саркомасы.
-
Клинические протоколы:
- Меланома кожи
- Нейробластома у детей
- Саркомы мягких тканей
- Лимфома Ходжкина
- Лимфома Ходжкина у детей
- Мезотелиома плевры
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Рак желудка
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Феохромоцитома
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Злокачественные новообразования полости рта
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
Қарсы көрсеткіштері
Дакарбазин мен қосымша заттарға жоғары сезімталдық, лейкопения және/ немесе тромбоцитопения, желшешек, белдемелі теміреткі.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат ерітіндісін дайындау арнайы бөлмеде, арнайы жуылатын тасығышта немесе бір реттік пластик үлбірде жүргізілуі тиіс. Қызметкерлер препараттың көзге және теріге тиюінен қорғайтын арнайы униформа киюі және арнайы оқып үйренуі керек және цитостатикалық дәрілермен жұмыс істеу ережесімен мұқият танысу керек. Дакарбазинді көктамыр ішіне енгізу онколог-химиотерапевт бақылауымен, емдеу уақытында және ол аяқталғаннан кейін препараттың клиникалық, биохимиялық және гематологиялық әсерін ұдайы бақылауды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларда жүргізілуі керек. Ауыр асқазан-ішек асқынулары туындаған жағдайда құсуға қарсы дәрілер қолдану керек. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Гепарин, гидрокортизон, L-цистеин, натрий гидрокарбонаты - ҮЙЛЕСІМСІЗ. Цитостатиктер немесе радиотерапия - миелоуытты әсері күшеюі мүмкін. Тірі вакциналар- күрделі және өлімге соқтыруы ықтимал инфекциялардың даму қаупі. Антикоагулянттар - тромб түзілу қаупінің жоғарылауы. Фенитоин - эпилепсияға қарсы әсерінің төмендеуі. Циклоспорин, такролимус - шамадан тыс иммуносупрессияны және лимфопролиферацияны туғызуы мүмкін. Фотемустин - өкпенің жедел уыттылығының даму қаупі, бірге қолданбау.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа ауырлық деңгейінде дозасын төмендету талап етілмейді, ауыр бұзылыстар дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бүйректің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа ауырлық деңгейінде дозасын төмендету талап етілмейді, ауыр бұзылыстар дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бауырдың ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану керек.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: анемия, лейкопения, тромбоцитопения, тәбет жойылуы, жүрек айнуы, құсу.Жиі емес: тұмауға ұқсас синдром, әлсіздік, қалтырау, қызба және бұлшықет ауырулары.Сирек: панцитопения, агранулоцитоз, бас ауыруы, көрудің бұзылуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, летаргия, құрысулар, бет жүйкесінің салдануы, құйылулар, диарея, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр некрозы, бүйрек қызметі бұзылысы, эритема, макулопапулезді экзантема, есекжем, анафилаксиялық реакциялар, алопеция, терінің гиперпигментациясы, фотосенсибилизация, инъекция орнының тітіркенуі, оқшауланған ауыру, экстравазация жағдайында некроз.
Балаларда қолданылуы
15 жасқа дейінгі балаларда дакарбазиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша нұсқаулықтары жоқ.