L01AX03 Темозоломид¹ (Temozolomide)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттердегі алғаш анықталған мультиформалы глиобластоманың сәулелік терапиясы және одан кейінгі монотерапияның үйлескен емінде.Ересектердегі стандартты терапиядан кейінгі аурудың қайталануы және өршуі кезіндегі қатерлі глиомаларда ( мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома).
    Клинические протоколы:
  1. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  2. Опухоли центральной нервной системы у детей
  3. Меланома кожи
  4. Первичная лимфома центральной нервной системы
  5. Рак желудка
  6. Рак поджелудочной железы
  7. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  8. Опухоли средостения
  9. Рак легкого

Қарсы көрсеткіштері

Темозоломидке немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық, дакарбазинге жоғары сезімталдық, сүйек кемігі функциясы бәсеңдеуінің ауыр дәрежесі.

Қауіпсіздік шаралары

Темозоломидті қабылдаған пациенттерде ұзаққа созылатын панцитопениямен миелосупрессия пайда болуы мүмкін, ол кейбір жағдайларда өлімге алып келуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Миелосупрессия тудыратын заттар- сүйек кемігі тежелуінің күшеюі.  Вальпрой қышқылы - темозоломид клиренсінің төмендеуі.  Барлық ісікке қарсы заттарға ортақ клиникалық маңызды өзара әрекеттесулерді, сонымен бірге "Фторурацил" қараңыз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Лимфа жүйесі тарапынан: лейкопения, лимфопения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия, фебрильді нейтропения. Метаболизм және тамақтану тарапынан: анорексия, гипергликемия, дене салмағының төмендеуі, гипокалиемия, сілтілік фосфатаза жоғарылауы, дене салмағының артуы.Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, афазия, тепе-теңдіктің бұзылуы,  зейін шоғырландырудың бұзылулары, сананың тежелуі, тырысулар, естің бұзылыстары, невропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылысы, тремор, атаксия, когнитивті қызметтің бұзылуы, дисфазия, экстрапирамидалық бұзылыстар, жүрудің бұзылуы, гемипарез, гиперестезия, гипестезия, перифериялық невропатия, неврологиялық бұзылыстар, эпилептикалық статус.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

3 жастан асқан балалардағы стандартты емнен кейінгі аурудың қайталануы немесе өршуі кезіндегі қатерлі глиоманы (мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома) емдеу: бұрын химиотерапия алмаған пациенттерге  (емдеу циклінің жалпы ұзақтығы 28 күнді құрайды),  200 мг/м2 дозада  5 күн қатар тәулігіне 1 рет, ары қарай препаратты қабылдауда 23 күндік  үзілісімен. Бұрын химиотерапия курсын алған пациенттерге, бастапқы доза  150 мг/м2 күніне бір рет; екінші циклде дозаны гематологиялық емес және гематологиялық уыттылықтың болмауы шартымен, күніне 200 мг/м2 дейін алғашқы 5 күн бойы ұлғайтады. 3 жасқа  (қайталанатын немесе қатерлі өршіген глиома) немесе 18 жасқа (алғаш анықталған мультиформалы глиобластома немесе қатерлі меланома) дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.