L01AA01 Циклофосфамид¹ (Cyclophosphamide)
Қолдану көрсеткіштері
Жедел лимфобластты және созылмалы лимфолейкоз, лимфогранулематоз, ходжкиндік емес лимфомалар, көптеген миелома, сүт безінің, аналық бездердің обыры, нейробластома, ретинобластома, өкпенің ұсақ жасушалы обыры, жатыр мойны және жатыр денесінің обыры, герминогенді ісіктер, қуық обыры, қуық асты безінің обыры, жұмсақ тіндер саркомасы, ретикулосаркома, Юинг саркомасы, Вильмс ісігі.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемолитическая анемия у детей
- Иммунная тромбоцитопения у детей
- Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
- Хронический нефритический синдром у детей
- Амилоидоз почек
- Аутоиммунные энцефалиты у детей
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Миастения
- Острый рассеянный энцефаломиелит
- Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
- Перикардиты
- Перикардиты у детей
- Интерстициальная болезнь легких у детей
- Панникулиты
- Пузырчатка
- Болезнь Бехчета
- Болезнь Шегрена
- Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
- Идиопатические воспалительные миопатии
- Перекрестный (overlap) синдром
- Ревматоидный артрит
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Системная красная волчанка
- Системная красная волчанка (педиатрия)
- Системная склеродермия
- Узелковый полиартериит у детей
- Ювенильная локальная склеродермия
- Ювенильный дерматомиозит
- Ювенильный системный склероз
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Нефротический синдром
- Нефротический синдром у детей
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Опухоли средостения
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
- Рак легкого
Қарсы көрсеткіштері
Циклофосфамидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр инфекциялар, сүйек кемігі функциясының айқын бұзылуы (лейкопенияны, тромбоцитопенияны, айқын анемияны қоса), цистит, несеп шығарудың іркілуі, кахексия, аурудың терминальді сатылары.
Қауіпсіздік шаралары
Ісікке қарсы препараттармен жұмыс жасау тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен қолдану керек. Препаратпен емделу кезінде, миелосупрессияның дәрежесін бағалау үшін, жүйелі түрде қан талдауын жүргізу (әсіресе, нейтрофилдер мен тромбоциттер мөлшеріне көңіл бөле отырып), сондай-ақ, жүйелі түрде несепте пайда болуы геморрагиялық циститтің дамуына ізашар болуы мүмкін эритроциттердің бар-жоқтығына несеп талдауын жүргізу қажет. Жүректің ауыр аурулары, адреналэктомия, подагра (анамнездегі), нефроуролитиаз, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, сүйек кемігінің ісік жасушалырымен инфильтрациялануы, осының алдындағы сәулемен емдеу немесе химиотерапия кезінде препаратты аса сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Апрепитант, бупропион, бусульфан, хлорамфеникол, ципрофлоксацин, флуконазол, итраконазол - циклофосфамидтің терапевтикалық әсерінің төмендеуі.Аллопуринол, хлоралгидрат, циметидин, дисульфирам, рифампин, фенобарбитал, карбамазепин, фенитоин, шайқурай шөбі, кортикостероидтар, протеаза тежегіштері - циклофосфамид метаболиттері концентрациясының жоғарылауы мүмкін.Тамоксифен - тромбоэмболия түріндегі асқынулар қаупінің артуы.Метронидазол - циклофосфамид уыттылығының артуы.Кумарин - қан кету қаупінің артуы және варфариннің антикоагуляциялық әсерінің төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. ШСЖ 10 мл/мин төмен болғанда дозасын 50%-ға төмендету ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Билирубиннің сарысулық концентрациясы 3,1-ден 5 мг/100 мл болғанда (0,053-0,086 ммоль/л немесе 53-86 мкмоль/л) дозасын 25%-ға төмендету ұсынылады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Цитоуытты дәрілік заттардың жалпы жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.