A10AE05 Детемир инсулині¹ (Insulin detemir)

Қарсы көрсеткіштері

Инсулин детемирге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық; гипогликемия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың жеткіліксіз дозасы немесе емдеуді тоқтату, әсіресе 1 типті қант диабетінде, гипергликемия немесе диабеттік кетоацидоздың дамуына алып келеді. Егер инсулин дозасы инсулин қажеттілігінен тым жоғары болса, тамақтану уақыты өтіп кетсе немесе жоспарланбаған қарқынды дене жүктемесінде гипогликемия дамуы мүмкін. Ауыр гипоальбуминемиясы бар пациенттерге мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ішуге арналған гипогликемиялық препараттар, ГПП-1 рецепторлары агонистері, моноаминооксидаза тежегіштері, ангиотензинге айналдырушы фермент тежегіштері, карбоангидраза тежегіштері,  селективті емес бета-адреноблокаторлар, бромокриптин, сульфонамидтер, анаболиялық стероидтар, тетрациклиндер, клофибрат, кетоконазол, мебендазол, пиридоксин, теофиллин, циклофосфамид, фенфлурамин, литий препараттары, құрамында этанол бар препараттар- инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтеді; ішуге арналған контрацептивтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, өсу гормоны, тиазидті диуретиктер, гепарин, трициклды антидепрессанттар, симпатомиметиктер, даназол, клонидин, «баяу» кальций өзектерінің блокаторлары, диазоксид, морфин, фенитоин, никотин- инсулиннің гипогликемиялық әсерін әлсіретеді. резерпин мен салицилаттар - препарат әсерін әлсіретеді/ күшейтеді; Октреотид/ланреотид - ағзаның инсулинге қажеттілігін төмендетеді; Бета-адреноблокаторлар - гипогликемия симптомдарын жасырады және гипогликемиядан кейінгі қалыпқа келуді кідіртеді; Алкоголь - инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және ұзартуы ықтимал.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Глюкоза деңгейін мұқият бақылау және препарат дозасын жекелей түзетуді жүргізу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Глюкоза деңгейін мұқият бақылау және препарат дозасын жекелей түзетуді жүргізу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Бала емізетін әйелдерде инсулин дозасын және диетаны түзету талап етілуі мүмкін. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия;Жиі: инъекция орнындағы реакциялар;Жиі емес: аллергиялық реакциялар, есекжем, бөртпе, бөрту, рефракция бұзылысы, диабеттік нейропатия, липодистрофия, ісінулер;Сирек: перифериялық нейропатия;Өте сирек: анафилактикалық реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді