J07B01 Тірі аттенуирленген вирус Varicella zoster, OKA штаммасы (Varicella, live attenuated)

Қолдану көрсеткіштері

Бұрын желшешекпен ауырмаған адамдарда желшешек профилактикасы ретінде

Қарсы көрсеткіштері

Неомицинге және вакцинаның басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.Бастапқы немесе жүре пайда болған иммун тапшылығының өршу сатысындағы, соның ішінде жедел лейкозы, лимфомасы, АИТВ инфекциясының клиникалық көріністері бар, кортикостероидтардың жоғары дозалары қамтылатын иммуносупрессиялық ем алатын, қан көрсеткіштері өзгерген пациенттер (лимфоциттерінің жалпы саны 1200/мкл төмен, сондай-ақ жасушалық иммун тапшылығының басқа симптомдары болғанда).Дене температурасының көтерілуімен қатар жүретін жедел инфекциялық аурулар.Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Қауіпсіздік шаралары

Дене температурасының көтерілуімен қатар жүретін жедел инфекциялық ауру болған жағдайда вакцинацияны кейінге қалдыру керек. Инъекция жүргізілген жерді спиртпен немесе дезинфекция үшін қолданылатын басқа затпен өңдегеннен кейін ол зат буланғанға дейін күту керек, өйткені осындай қосылыстармен жанасқан кезде вакциналық вирустың белсенділігі жойылуы мүмкін.Желшешек ауруынан шектеулі қорғанысты табиғи жолмен ауырған адаммен жанасқаннан кейін 72 сағатқа дейінгі уақыт ішінде вакцинация арқылы қамтамасыз етуге болады.Естен тану, әсіресе жасөспірімдерде инъекциялық инеге психогенді жауап ретінде кез келген вакцинацияны енгізгеннен кейін немесе тіпті енгізуге дейін туындауы мүмкін. Бұл уақытша көрудің бұзылуы, парестезия және сауығу кезінде қол-аяқтың тоникалық-клоникалық қозғалысы сияқты бірнеше неврологиялық белгілермен қатар жүруі мүмкін. Естен тану нәтижесінде жарақат алып қалмау үшін барлық қажетті емшараларды қарастыру маңызды. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вакцинация жасағаннан кейін 6 апта бойы салицилаттар тағайындалмайды, өйткені оларды Varіcella zoster вирусы туғызатын инфекция кезінде қолданудан кейін Рейе синдромының дамуы жөнінде хабарланған.Қауіп тобының пациенттеріне басқа әлсіретілген тірі вакциналармен бірдей уақытта енгізуге болмайды. Енгізу уақытының аралығы 1 айдан кем болмауы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: инъекция орынының ауыруы, қызаруы;Жиі : бөртпе, инъекция салған жердің ісінуі, дене температурасының  ≥ 37.5ºC немесе ректальді температураның ≥ 38.0ºC көтерілуіКейде: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фарингиттер, жөтел, ринит, лимфоаденопатия, ашушаңдық, бас ауыру, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, бүртікті-күлбірлі бөрту, қышыну, артралгия, миалгия, дене температурасының   >39ºC немесе ректальді температураның >39,5ºC көтерілуі;Сирек: конъюнктивит, іштің ауыруы, диарея,есекжем.

Балаларда қолданылуы

Көктамыр ішіне немесе тері ішіне енгізбеген енгізбеген жөн!Тері астына.1 жасқа дейінгі балаларға препарат санның алдыңғы сыртқы аумағына (төртбасты бұлшықеттің латеральді бөлігі) енгізіледі. 1 жасқа толған және одан үлкен балаларға вакцинаны иықтың дельта тәрізді бұлшықет аумағына енгізеді.9 айдан12 жасқа дейінгі балалар  - вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады.Бастапқы вакцинациядан кейін 6 аптадан соң екінші дозаны енгізуге кеңес беріледі. Ешбір жағдайда да екінші доза 4 апта өтпес бұрын енгізілмеуі тиіс! 13 жасқа толған және одан үлкен балалар-вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады.Бастапқы вакцинациядан кейін 6 аптадан соң екінші дозаны енгізуге кеңес беріледі. Ешбір жағдайда да екінші доза 4 апта өтпес бұрын енгізілмеуі тиіс!