J07B01 Тірі әлсіздендірілген паротит вирусы (Mumps, live attenuated)
Қолдану көрсеткіштері
Эпидемиялық паротиттің жоспарлы және шұғыл профилактикасында.
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; жедел жұқпалы аурулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы; аминогликозидтерге (гентамицин сульфаты) және тауық жұмыртқасына ауыр формадағы аллергиялық реакциялар; дене температурасының 37 °С-ден жоғарылауы; алғашқы иммунтапшылық жағдайлары; қанның қатерлі аурулары және жаңа түзілімдер; күшті реакция (температураның 40 0С- ден жоғары көтерілуі, вакцинаны енгізу орнындағы гиперемия және/немесе диаметрі 8см асатын ісіну) паротит немесе паротит-қызылша вакциналарының алдыңғы енгізулеріне асқынулар.
Қауіпсіздік шаралары
Қарсы көрсетілімдерін анықтау мақсатында дәрігер вакцинация күні екпе алатындарды міндетті термометриямен қарап тексереді. Қажет болған жағдайда сәйкес зертханалық тексерулер жүргізеді. Екпеден уақытша босатылған тұлғалар бақылауға және есепке алынуы керек және қарсы көрсетілімдері қайтқаннан кейін егілуі керек. АИВ-жұқпалануы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылмайды.Жүргізілген вакцинацияны препараттың атауы, вакцинация күні, дозасы, дайындаушы-кәсіпорын, серия нөмірі, жарамдылық мерзімі, екпеге реакцияны көрсетіп, бекітілген есеп формасында тіркейді.Екпелер жүргізіледі: жедел жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан кейін, созылмалы аурулардың өршуінен кейін – аурудың жедел көріністері қайтқаннан кейін; ауыр емес ЖРВЖ, жедел ішек аурулары және басқалары – дереу температурасы қалпына келгеннен кейін; иммунодепрессивті емді жүргізгеннен кейін екпені ем аяқталған соң 3-6 айдан кейін жүргізеді; паротитке қарсы вакцинацияны серозды менингитпен аурудың көбеюі кезінде жүргізуге болмайды.Бүтіндігі, заттаңбасы бұзылған, сондай-ақ олардың физикалық қасиеттері (түсі, мөлдірлігі және т.б.) өзгерген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе дұрыс сақталмаған вакцина және ампуладағы еріткішті қолдануға болмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Паротитке қарсы вакцинация басқа күнтізбелік екпелермен (қызылша, қызамық, полиомиелит, В гепатиті, көк жөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы) бір мезгілде (бір күнде) немесе алдыңғы екпеден кейін 1 айдан соң ғана жүргізілуі мүмкін. • Адам иммуноглобулині препараттарын енгізгеннен кейін паротитке қарсы екпелер 2 айдан кейін ғана жүргізіледі. Паротит вакцинасын енгізгеннен кейін иммуноглобулин препараттарын 2 аптадан кейін ғана енгізуге болады; иммуноглобулинді бұл мерзімнен ерте қолдану қажет болған жағдайда паротитке қарсы вакцинацияны қайталау керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Кейбір балаларда байқалуы мүмкін:- 5-тен 15 тәулікке дейін – температуралық реакциялар, мұрынжұтқыншақ тарапынан катаральді белгілер (аңқаның қызаруы, ринит);- 5-тен 42 тәулікке дейін – 2-3 тәулікке созылатын құлақ маңайындағы сілекей бездерінің аздап үлкеюі;- сирек жағдайларда екпеден кейін алғашқы 48 сағатта терінің қызаруы және вакцина енгізген орында аздаған ісінумен білінетін, емсіз қайтатын жергілікті реакциялар.Вакцинаны жаппай жасағанда дене температурасының 38,5 °С-ден жоғары көтерілуі егілген балалардың 2- пайызынан астамында болмауы керек.Өте сирек: реактивтілігі өзгерген балаларда алғашқы 24 – 48 сағатта пайда болатын аллергиялық реакциялар Кейбір өте сирек жағдайларда: қатерсіз өтетін серозды менингит, 2-4 аптадан кейін дамуы мүмкін.Серозды менингиттің әрбір жағдайы дифференциальді диагностиканы талап етеді.Ескерту: поствакцинальді кезеңде дене температурасының 38,5 °С-ден жоғары көтерілуі антипиретиктерді тағайындауға көрсетілім болып табылады.
Балаларда қолданылуы
Тері астына, 0,5 мл көлемде жауырын астына немесе иық аумағына (иықтың төменгі және ортаңғы үштің бірінің шекарасына сыртқы жағынан) енгізеді.Жоспарлы екпелерді 12 айдағы және 6 жастағы эпидемиялық паротитпен ауырмаған балаларда екі рет жүргізеді.Шұғыл профилактиканы 12 айдан асқан балаларда, жасөспірімдерде және паротитпен науқастармен жанасқан, эпидемиялық паротитпен ауырмаған немесе бұрын осы жұқпаға қарсы егілмеген тұлғаларға жүргізеді. Қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда вакцинаны аурумен жанасқаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей енгізу керек.