J07BC02 Белсенділігі жойылған А гепатитінің вирусы¹ (Hepatitis A, inactivated, whole virus)

Қолдану көрсеткіштері

А гепатиті дамуының жоғары қаупі бар адамдарды белсенді иммунизациялау.  А гепатиті ошағында тұратын немесе сонда болатын (соның ішінде отбасылық) адамдардың вакцинациясы. А гепатитіне шалдығудың деңгейі жоғары аймақтарда тұратын адамдар (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) вакцинациясы.
    Клинические протоколы:
  1. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, вакцинаның алдыңғы енгізілуіне асқын сезімталдық реакциясының дамуы, жедел инфекциялық аурулар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Жамбас бұлшықетіне, тері астына немесе тері ішіне енгізу ұсынылмайды, себебі бұл гуморальдық иммундық жауап қарқындылығын төмендетуі мүмкін. Иммунизация жүргізгеннен кейін пациент 30 минут аралығында медициналық бақылауда болуы керек. Бір шприцте басқа да вакциналармен және иммуноглобулиндермен араластыруға болмайды. А гепатиті вакцинасын басқа да белсенділігі жойылған вакциналармен немесе иммуноглобулиндермен бірге енгізу қажет болған жағдайда, инъекцияларды әр түрлі шприцтерді қолдану арқылы әр түрлі жерлерге енгізу керек. В гепатиті, С гепатиті, Е гепатиті вирусы сияқты басқа да агенттерден немесе бауырды зақымдайтын басқа патогенді агенттерден туындаған гепатит инфекциясының алдын алмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қолданылуы мүмкін. Бала емізу кезеңінде вакцинаны қолдану туралы ақпараттар жеткіліксіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жергілікті реакциялар: енгізген жердегі ауырсыну, қызару, ісіну немесе қатаю, жалпы реакциялар: бас ауыру, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, тәбет жоғалту, ұйқысыздық, ашушаңдық, шаршау сезімі, дене температурасының көтерілуі, асқазан-ішек бұзылулары (іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы және құсу);Жиі емес:  тері және тері асты-шелмай қабаты тарапынан болатын реакциялар (бөртпе, есекжем).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Бұлшықетке: сәбилерге санның алдыңғы латеральді аймағына енгізеді; жасы үлкен балаларға - дельта тәрізді бұлшықетке. Балаларға. Алғашқы вакцинация: 1 доза. Бустерлі вакцинация: ұзақ мерзімді қорғанысты қамтамасыз ету үшін алғашқы дозаны енгізгеннен кейін 6-18 айдан соң 1 доза енгізу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді