J06BB16 Паливизумаб (Palivizumab)

Қолдану көрсеткіштері

РСВ дамуының жоғары қаупі бар балаларда РСИ эпидемиологиялық маусымы кезеңінде респираторлық-синцитиальді инфекциядан (РСИ) туындаған төменгі тыныс жолдарының күрделі аурулары түріндегі асқынуларының алдын алу: шала туылған (жүктіліктің 35-ші аптасында немесе одан ерте туылғандар) және 6 айға дейінгі балаларда; бронх-өкпе дисплазиясы бар 2 жастан кіші балаларда; гемодинамикасы бұзылған туа біткен жүрек ақаулары бар 2 жастан кіші балаларда.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  3. Энцефалит у детей и взрослых
  4. Бронхолегочная дисплазия, возникшая в перинатальном периоде

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді субстанцияға немесе кез келген қосымша затқа, немесе басқа гуманизирленген моноклональді антиденелерге жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты енгізгеннен кейін аллергиялық реакциялар байқалған, сонымен қатар анафилаксия және анафилактикалық шок дамуының сирек жағдайлары, кейбір жағдайларда өлімге алып келетін. Бұл реакцияларды жедел емдеу үшін қажет медикаменттер шұғыл қолдану үшін қолжетімді болуы керек. Орташа ауыр немесе ауыр жедел инфекциялық ауру немесе қызба жағдайы, паливизумабты қолдануды бастаудың кідіруіне себеп болуы мүмкін. Тромбоцитопениясы немесе қанның ұю жүйесінің кез келген басқа бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Иммунологиялық диагностикалық РСВ-тестілері - жасушалар өсіріндісінде вирус репликациясын тежейді, сондықтан вирус өсіріндісін пайдаланатын сынамаларға да әсер етуі мүмкін.Зертханалық тест-жүйелер - РСВ диагностикасының жалған-жағымсыз нәтижелеріне алып келуі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бөртпе, қызба.Жиі: апноэ, препаратты енгізген жердегі реакциялар.Жиі емес: тромбоцитопения, құрысулар, есекжем.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Бұлшықет ішіне, негізінен санның сыртқы бүйір аймағына. Балаларға: ұсынылатын доза қауымдағы респираторлық-синцитиальді инфекцияның (РСИ) эпидемиологиялық өршуі кезінде айына 1 рет дене салмағына 15 мг/кг құрайды. Алғашқы дозаны РСИ бойынша эпидемия маусымының басталуына дейін, ал кейінгі дозаларын - РСИ аурушаңдықтың көтерілуінің бүкіл маусымы ішінде ай сайын енгізген жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді