J06BA02 Иммуноглобулин (қан тамыр ішіне енгізуге арналған)¹ (Immunoglobulin normal human, for intravascular administration)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде, балаларда және жасөспірімдерде (0-18 жас) орын басу емі: антиденелер өндірілуі бұзылған алғашқы иммунитет тапшылығы синдромы, антибиотиктермен профилактикалық емдеу нәтиже бермеген кезде, созылмалы лимфолейкозы бар пациенттердегі гипогаммаглобулинемия және қайталанатын бактериялық инфекциялар, пневмококктарға қарсы иммунизация тиімді болмаған, «плато» фазасындағы көптеген миеломасы бар пациенттердегі гипогаммаглобулинемия және қайталанатын бактериялық инфекциялар, гемопоэздік бағаналы жасушалардың (ГБЖТ) аллогенді трансплантациясынан кейінгі пациенттердегі гипогаммаглобулинемия, қайталанатын бактериялық инфекциялары бар туа біткен ЖИТС. Ересектерде, балаларда және жасөспірімдердегі (0-18 жас) иммуномодуляция: қан кету қаупі жоғары пациенттердегі немесе тромбоциттер деңгейін түзету операциясы алдындағы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, Гийен-Барре синдромы, Кавасаки синдромы.
-
Клинические протоколы:
- Ботулизм
- Инфекции, вызванные вирусом простого герпеса у детей
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Энтеровирусная инфекция у детей
- Сексуальное насилие
- Герпетическая инфекция у взрослых
- Ветряная оспа у детей
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гемолитическая анемия у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Иммунная тромбоцитопения у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты у детей (с преимущественной недостаточностью антител)
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Аутоиммунные энцефалиты у детей
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Миастения
- Острый рассеянный энцефаломиелит
- Синдром Гийена-Барре
- Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
- Энцефалит у детей и взрослых
- Миокардиты у детей
- Перикардиты
- Перикардиты у детей
- Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
- Болезнь Шегрена
- Идиопатические воспалительные миопатии
- Перекрестный (overlap) синдром
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Системная красная волчанка
- Системная красная волчанка (педиатрия)
- Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
- Узелковый полиартериит у детей
- Ювенильный дерматомиозит
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Трансплантация почки
- Хронический нефритический синдром у детей
- Гемолитическая болезнь плода и новорожденного
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; адам иммуноглобулиндеріне, әсіресе IgA антиденелері бар пациенттердегі аса жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Препараттың енгізу жылдамдығын қатаң ұстану керек; адамның қалыпты иммуноглобулинін семіздігі бар және тромб түзілу (қартаң жас, артериялық гипертония, қант диабеті, анамнезінде тамырлық аурулары немесе тромбоздық эпизодтарының болуы, туа біткен немесе жүре пайда болған тромбофлебиттік бұзылыстар, иммобилизацияның ұзақ кезеңі, ауыр гиповолемиея, жоғары қан тұтқырлығымен сипатталатын аурулар) қаупінің факторлары бар пациенттерге тағайындауда және енгізген кезде сақ болу керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Препаратты енгізу қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, желшешекке қарсы вакциналар сияқты, тірі әлсіретілген вирустық вакциналардың тиімділігін 6 аптадан 3 айға дейінгі кезеңде төмендетуі мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар пациенттерде адамның қалыпты иммуноглобулині ең төменгі жылдамдықпен және ең төменгі дозаларда енгізілуі тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Жүкті әйелдерде препараттың қауіпсіздігі туралы клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан жүкті әйелдерге препаратты сақтықпен қолдану керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, қызба, инфузиямен байланысты реакциялар, жүрек қағысының жиілеуі, бел ауыруы, омыртқа ауыруы, артралгия, жайсыздық.Жиі емес: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, қалтырау, құйылулар, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, дене температурасының төмендеуі, дисгевзия, папулезді бөртпе, тері жабындарының ауырсынуы, бөртпе, артериялық қысымның жоғарылауы, беткейлік тромбофлебит, жеңіл дәрежелі гемолиз, гиперемия, асқын сезімталдық, сенсорлық бұзылыстар, Кумбс оң сынамасы (жанама және тура), миалгия.Сирек: гемолитикалық анемия, артериялық қысымның кенеттен төмендеуі, уақытша терілік реакциялар.Өте сирек: миокард инфарктісі, инсульт, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, көктамырлардың терең тромбоздары сияқты тромбоэмболиялық реакциялар.Жиілігі белгісіз: асқын сезімталдықтың спецификалық емес реакциялары, қалтырау, бас ауыруы, бас айналуы, қызба, жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, артралгия, артериялық қысымның төмендеуі және омыртқадағы орташа ауырсынулар, қайтымды асептикалық менингит, қайтымды гемолитикалық реакциялар, қан сарысуында креатинин деңгейінің жоғарылауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, лейкопения, стенокардия, қалтырау, анафилактикалық шок, шок, артериялық қысымның төмендеуі, ентігу.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Көктамыр ішіне, емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен. Әрбір көрсеткіштің дозасы адамның дене салмағына сәйкес есептеледі және клиникалық нәтижеге бейімделеді. Созылмалы қабынулық демиелинизацияланатын полинейропатиясы бар балаларда қолданудың тәжірибесі шектелген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді