A10AD05 Инсулин аспарт¹ (Insulin aspart)

Қарсы көрсеткіштері

Инсулин аспарт немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық; гипогликемия.

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың жеткіліксіз дозасы немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, 1 типті қант диабетінде өліммен аяқталатын гипергликемияның немесе диабеттік кетоацитоздың дамуына әкелуі мүмкін. Қатарлас аурулар болған кезде, әсіресе шығу тегі инфекциялық, инсулинге қажеттілік әдеттегідей өседі. Диетаны өзгерткенде және жоғары физикалық жүктемелер кезінде препарат дозасын өзгерту қажет етілуі мүмкін. Инсулинді сорғыштарда қолдануға болмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді гипогликемиялық препараттар, МАО тежегіштері, ААФ тежегіштері, сульфонамидтер, анаболикалық стероидтар, салицилаттар- инсулиннің гипогликемиялық әсерінің күшеюі;

Пероральді контрацептивтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидті гормондар, тиазидті диуретиктер, симпатомиметиктер, өсу гормоны (соматропин), даназол- нсулиннің гипогликемиялық әсерінің әлсіреуі;

Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін;

Пиоглитазон- жүрек жеткіліксіздігі, дене салмағының артуы және ісінулер (әсіресе жүрек жеткіліксіздігі даму факторлары бар пациенттерде);

Октреотид/ ланреотид - инсулинге қажеттіліктің жоғарылауы/ төмендеуі.

Алкоголь- инсулиннің гипогликемиялық әсерінің жоғарылауы/ төмендеуі.

Тиазолидиндион тобының препараттары- іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (әсіресе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі дамуының қауіп факторлары болған жағдайда);

Тиол немесе сульфитті топтан тұратын дәрілік заттар- инсулин аспарт ыдырауы; Инфузиялық ерітінділерге қосуға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы инсулинге қажеттіліктің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы инсулинге қажеттіліктің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Жүктілік

Жүктіліктің бүкіл мерзімінде және жүктілік басталуы мүмкін кезеңде диабеттен зардап шегетін жүкті әйелдерге мониторинг жүргізу және қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау. Инсулин қажеттілігі, әдетте, жүктіліктің І триместрінде төмендейді де, ІІ және ІІІ триместрлерінде біртіндеп артады. Босанудан кейін көп ұзамай инсулин қажеттілігі жүктілікке дейінгі деңгейіне жылдам оралады.

Емізу

Дозасы түзетілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (симптомдары: «суық тер», тері жабындарының бозаруы, күйгелектік немесе тремор, үрейлену сезімі, әдеттен тыс шаршау немесе әлсіздік, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, бас айналу, қатты ашығу сезімі, көрудің уақытша нашарлауы, бас ауыру, жүрек айну, тахикардия). Айқын гипогликемия естен тануға, тырысуларға, қліммен аяқталатын ми жұмысының уақытша немесе қайтымсыз бұзылуына әкелуі мүмкін.Жиі емес: аллергиялық реакциялар, есекжем, тері бөртпесі;Жайылған аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері қышыма, тершеңдік, асқазан-ішек бұзылыстары, ангионевроздық ісіну, тыныс алудың қиындауы, жүрек қағу, артериялық қысымның төмендеуі болуы мүмкін. Жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар) өмірге зор қауіп төндіруі мүмкін; рефракция бұзылулары (қайтымды сипатта болады); липодистрофия; инъекция орнындағы реакциялар; ісінулер, диабеттік ретинопатия;Сирек: перифериялық нейропатия;Өте сирек: анафилактикалық реакциялар.

Балаларда қолданылуы

10 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.