J05AX12 Долутегравир¹ (Dolutegravir)
Қолдану көрсеткіштері
АИТВ-1 инфекциясын емдеуде біріктірілген антиретровирустық терапия құрамында.
-
Клинические протоколы:
- ВИЧ-инфекция у взрослых
- ВИЧ-инфекция у детей
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Аса жоғары ссезімталдық реакциялары тіркелген, мысалы: бөртпе, жүйелік көрсеткіштер мен ағза қызметтерінің бұзылуы. Оппортунистік инфекция немесе басқа да АИТВ- инфекциясының асқынулары дамуы мүмкін. Препарат АИТВ жыныстық жолмен немесе қан арқылы басқаларға берілу қаупінің алдын алмайды. Буындардың ауыруы, буындардың қиын қозғалуы, немесе қимылдауда қиындықтар болған кезде дәрігерге жүгіну керек. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Этравирин - қан плазмасында долутегравир концентрацисының төмендеуі, ол вирусологиялық жауаптың жоғалуына және мүмкін болатын долутегравирге тұрақтылыққа әкелуі мүмкін.Эфавиренз, рифампицин - қан плазмасында долутегравир концентрацисының төмендеуі.Невирапин - ферменттің индукциясына байланысты қан плазмасында долутегравир концентрацисының төмендеуі мүмкін.Типранавирдің ритонавирмен біріктірілімі - долутегравир концентрацисының төмендеуі.Құрамында магний/алюминий бар антацид, кальций немесе темір қоспалары, полидәрумендер - уақыты ең кем дегенде долутегравирді қабылдауға 6 сағатқа дейін немесе 2 сағат өткеннен кейінге дұрыстап бөлінуі керек.Метформин - метформин концентрациясының артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің орта және жеңіл бұзылыстары кезінде дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр бұзылысы кезінде - ақпарат жоқ.
Жүктілік
Плацента арқылы енеді. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
АИТВ берілуін болдырмас үшін, бала емізуден бас тарту ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыруы, жүрек айну, диарея.Жиі: ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, бас айналуы, депрессия, құсу, метеоризм, іштің жоғары бөлігінің ауыруы, іш аумағының ауыруы, іш аумағындағы жайсыздық, бөртпе, терінің қышуы, шаршау, аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, креатининфосфокиназа деңгейінің артуы.Жиі емес: суицидальді ойлар, суицидке әрекеттену.Сирек: аса жоғары сезімталдық, иммунитеттің реактивация синдромы, гепатит.
Балаларда қолданылуы
Ішке. 12 жастан 18 жасқа дейінгі және бұрын интеграза тежегіштерімен емделмеген салмағы 40 кг бастап және одан жоғары балаларға: ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 50 мг. 18 жасқа дейінгі интеграза тежегіштеріне резистентті балаларға ұсынылмаған.