J05AX09 Маравирок (Maraviroc)

Қолдану көрсеткіштері

Басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілімде тек CCR5 ко-рецепторға тропизмімен АИВ-1 жұқтырғандарды, бұрын антиретровирустық ем алған АИВ жұқтырған ересек емделушілерді емдеу
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне, соның ішінде сояға немесе арахиске аса жоғары сезімталдық; құрамында шілтерленген шайқурай бар препараттармен бір мезгілде қабылдау

Қауіпсіздік шаралары

Препарат антиретровирусқа қарсы емнің бір бөлігі ретінде осы пациент сезімтал басқа антиретровирусқа қарсы препараттармен біріктірілуі тиіс. Емдеуді бастар алдында ескеру керек:•  Препаратты пациентке тағайындау тропизм, вирустың тұрақтылығы, сондай-ақ емдеу анамнезі зерттеуден кейін жүзеге асырылады.•  Препаратты екі/аралас немесе CXCR4-тропикалық АИТВ-1 бар пациенттерге қолдануға болмайды;Препаратты адекватты валидирленген және сезімтал әдістің (мысалы, Monogram Trofile) көмегімен тек CCR5 -тропикалық АИВ-1 (яғни CXCR4-ке тропизммен вирус анықталмайды немесе қос / аралас тропизм бар) анықталғанда ғана қолданған жөн. Вирустың тропизмін емдеу анамнезі немесе сақтаудағы пациенттің қан үлгілерін бағалау негізінде анықтауға болмайды.АИТВ-1 жұқтырған пациенттерге уақыт өте келе вирус тропизмінің өзгерістері орын алады, сондықтан тропизм анықталғаннан кейін емді көп ұзамай бастау қажет.Иммундық тапшылығы ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде белсенділігі жоғары антиретровирустық ем (БЖАРЕ) басталғаннан алғашқы бірнеше аптада немесе айда белгісі білінбейтін түрде өтетін салдарлы жұқпалардың өршуі нәтижесінде қабыну реакцияларының симптомдары пайда болуы мүмкін. Мұндай реакциялар емделуші ахуалын нашарлатуы ықтимал. Мысалдары цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар және Pneumocystis jiroveci туғызған пневмония (бұрын Pneumocystis carinii ретінде белгілі) болып табылады. Кез келген қабыну симптомдарын анықтап, қажет болса, тиісінше ем бастау қажет.Емделушілерді  препаратпен қоса қолданылатын антиретровирустық емнің басқа адамдарға жыныс жолымен немесе қанмен жанасу арқылы АИВ берілу қатерінің бетін қайтара алмайтынынан хабардар ету керек. Емделушілер барлық алдын ала сақтану шараларын қадағалауды жалғастыруы тиіс. Аса жоғары сезімталдық реакциялары, айқын және тіпті өмірге қатер төндіретін реакциялармен қоса, препаратты көпшілік жағдайларда осы реакцияларды дамытатын препараттармен біріктіріп қабылдайтын емделушілерде болды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 CYP3A4 изоферментінің индукторлары - бірге пайдалану плазмасындағы маравирок концентрациясын төмендетіп, оның емдік тиімділігін әлсіретуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Протеаза тежегіштері (типранавир/ритонавир мен фосампренавир/ритонавирден басқа), боцепревир, телапревир, делавиридин, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, нефазодон, телитромицин сияқты CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін алатын бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет.Маравирокты  CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) емделушілерде сақтықпен пайдалану керек.Гемодиализ қажет болатын терминалдық бүйрек жеткіліксіздігін (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) қоса, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде препаратттың дозалануын, егер ол CYP3A изоферментімен үйлестіріліп тағайындалса, әр 24 сағат сайын түрлендіру керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: анемия; анорексия, депрессия, ұйқысыздық, патологиялық түстер көру; жөтел; іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диспепсия, метеоризм, іш кебу, іш қату, диарея, ішек атониясы мен гипотониясы, гастроэзофагальді рефлюкс; бөрту, алопеция; шеткергі нейропатия, бас айналу, парестезиялар, дәм сезудің бұрмалануы, ұйқышылдық; бұлшықеттердің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, мойынның ауыруы, артралгиялар; астения, қажу, дене салмағының кемуі; аланин-аминотрансфераза, аспартат-аминотрансфераза, креатин-фосфокиназа, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауыЖиі емес:өңеш кандидозы; пневмония; құрысулар; миозит; бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия; гипербилирубинемияСирек:гранулоцитопения, гипопластикалық анемия; абдоминальді ісіктер, диффуздық В-ірі жасушалы лимфома, Ходжкин ауруы, холангиокарцинома, сүйектегі метастаздар, бауырдағы метастаздар, ішперде метастаздары, мұрын-жұтқыншақ обыры, өңеш обыры; панцитопения, гранулоцитопения; ишемиялық жүрек ауруы; бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю (соның ішінде холестатикалық), бауыр циррозы; бұлшықет атрофиясыӨте сирек:алкалин-фосфотаза белсенділігінің жоғарылауы; Стивенс-Джонсон синдромы; уытты эпидермалық некролиз.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.