A10AD04 Инсулин лизпро¹ (Insulin lispro)

Қолдану көрсеткіштері

Глюкозаның қалыпты гомеостазының сақталуы үшін инсулинмен ем жүргізу қажет етілетін қант диабеті.
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа
  2. Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
  3. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде

Қарсы көрсеткіштері

Инсулин лизпроға немесе препарат компонентінің біріне жоғары сезімталдық;Гипогликемия.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты көктамыр ішіне енгізуге болмайды! Түзетілмеген гипо- немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препараттың талапқа сай емес дозаларын пайдалану немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, инсулинге тәуелді диабеті бар пациенттерде өлімге алып келетін жағдайлар болып табылатын, гипергликемия және диабеттік кетоацидоз дамуына әкелуі мүмкін. Инсулин белсенділігін, саудалық маркасын (өндіруші), инсулин типін,  түрлік саласын (жануар тектес инсулин, адам инсулині, адам инсулинінің аналогы) және/немесе өндіріс әдісін (ДНҚ-рекомбинантты инсулин немесе жануар тектес инсулин) өзгерту дозаны түзету қажеттілігіне әкелуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ішуге арналған контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқанша без гормондары препараттары, даназол, бета2-адреноынталандырғыштар (ритодрин, сальбутамол, тербуталин)- инсулин лизпроның гипогликемиялық әсерін төмендетеді; Ішуге арналған гипогликемиялық препараттар, салицилаттар, сульфаниламидтер, антидепрессантар (МАО тежегіштері, серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштер), ААФ тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, октреотид немесе алкоголь- инсулин лизпроның гипогликемиялық әсерін күшейтеді;Бета- адреноблокаторлар, клофелин, резерпин гипогликемия симптомдарының көріністерін жасыруы мүмкін. Инсулинмен біріктірілімде пиоглитазонды қолдану- жүрек жеткіліксіздігінің дамуы, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде. Инсулин лизпромен бірге басқа препараттарды қолданған кезде дәрігермен кеңесу қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылысы инсулинге қажеттіліктің төмендеуіне алып келеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылысы инсулинге қажеттіліктің артуына алып келеді.

Жүктілік

Қандағы глюкоза деңгейіне және жалпы денсаулық жағдайына мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Емізу

Дозасы түзетілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (ауыр гипогликемия естен тануға және, айрықша жағдайларда, өлімге әкелуі мүмкін);Жиі: жергілікті аллергиялық реакциялар қызару, ісіну, инъекция орнындағы қышыну ретінде көрініс береді;Жиі емес: липодистрофия;Сирек: жүйелі аллергиялық реакциялар (таралған қышыну, тынысалудың қиындауы, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғу жиілігінің жиілеуі, жоғары тершеңдік);

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларда қолдану кәдімгі инсулинмен салыстырғанда күтілетін пайда жоғары болған жағдайда ғана қарастырылуы керек.