J05AR06 Тенофовир дизопроксилі, Эмтрицитабин және Эфавиренз¹ (Tenofovir disoproxil, (Emtricitabine and Efavirenz)

Қолдану көрсеткіштері

Үш айдан аса біріктірілген антиретровирустық терапия (БАРЕ) алған РНҚ АИВ < 50 копий/мл төмен вирусологиялық супрессиясы бар ересектердегі АИВ-1 инфекциясын емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі АИТВ-инфекция   2. АИТВ/ТБ біріктірілген инфекция
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых
  2. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді компоненттерге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Аш қарынға, себебі тамақ эфавиренз экспозициясының жоғарылауына және жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына алып келуі мүмкін, ұйықтар алдында қабылдау- көтерімділігін жақсарту және жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстарды болдырмау үшін. ТЭЭ қабылдау оппортунистік инфекциялар және АИТВ- инфекциясының басқа да асқынулары дамуымен бірге жүреді. АИТВ- ассоциирленген инфекциялары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің тұрақты клиникалық бақылауы қажет. Антиретровирусты емдеу басқа адамдарға жыныстық жолмен немесе қан арқылы  АИТВ жұқтыру  қаупінің алдын алмайтындығын пациенттерге айту керек. Сәйкес қажет қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Препаратты қабылдауда лактацидоз дамуы мүмкін. Пациенттерге орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болу мүмкіндігі туралы ақпарат беру керек. Егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану.Маңызды! Мұнда жағымсыз әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Терфенадин, астемизол, цизаприд, мидазолам, тиазолам, пимозид, бепридил немесе қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилэргоновин), эфавирензбен цитохром Р450 (CYP) 3А4  үшін осы препараттардың бәсекелестігіне алып келеді-  бұл препараттар метаболизмінің кідіруі және ауыр және/немесе өмірге қауіп төндіретін жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.  Шайқурайдан тұратын препараттар (Hypericum perforatum) - эфавиренздің плазмадағы концентрациясының және клиникалық тиімділігінің төмендеуі. Вориконазол - эфавиренз плазмадағы вориконазол концентрациясын айтарлықтай төмендетеді, ал вориконазол  плазмада эфавиренз концентрациясын айтарлықтай жоғарылатады.  Тенофовир дизопроксил фумарат/Эфавиренз/Эмтрицитабин (ТЭЭ) кешенді препаратының бекітілген дозасына байланысты эфавиренз дозасын түзету мүмкін емес. Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 50 мл/ мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің (Чайлд-Пью бойынша В немесе С класы)  орташа және ауыр деңгейлерінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: анорексия, гипофосфатемия, гипокалиемия, бас ауруы, бас айналуы, диарея, жүрек айнуы, құсу, бөртпе, астения, абдоминальді ауырсыну, іштің кебуі, метеоризм, аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: ауыздың құрғауы, түсініксіз сөйлеу, тәбеттің жоғарылауы, либидо төмендеуі, миалгия, панкреатит, рабдомиолиз, бұлшықет әлсіздігі, қандағы креатинин жоғарылауы, протеинурия.Сирек: лактацидоз, гепатит, бауыр стеатозы, остеомаляция, миопатия, жедел және созылмалы бауыр жеткіліксіздігі, жедел тубулярлы некроз, Фанкони синдромын қоса, проксимальді бауыр тубулопатиясы,  нефрит, жедел интерстициальді нефритті, нефрогенді қантсыз диабетті қоса, аяқталған суицид, сандырақтау, невроз, бауыр жеткіліксіздігі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.