J05AR04 Зидовудин, Ламивудин және Абакавир¹ (Zidovudine, Lamivudine and Abacavir)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде АИТВ-инфекциясын емдеу.Берілген біріктірілген дәрілік зат құрамына кіретін әр препарат бойынша толық ақпарат Зидовудин¹ (Zidovudine), Абакавир¹ (Abacavir), және Ламивудин (Lamivudine) монографияларында келтірілген.  Қолдану тәсілі және дозалары Препаратты АИТВ-инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар мамандар тағайындауы тиіс. 1 таблетканың құрамында 300 мг зидовудин, 150 мг ламивудин және 300 мг абакавир бар, бөлінбейтін. Ішке, ас қабылдауға байланыссыз. Дене салмағы 40 кг- нан асатын ересектер: бекітілген біріктірілімдегі ұсынылған доза 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет. Егде жастағы пациенттерге бүйрек қызметінің төмендеуін және гематологиялық параметрлерін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.  Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі АИТВ-инфекция
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.