J05AG05 Рилпивирин (Rilpivirine)

Қолдану көрсеткіштері

Басқа антиретровирустық дәрілік препаратымен біріктіріліп, бұрын емделмеген, АИТВ-1 РНҚ вирустық жүктемесі ≤100 000 көшірме/мл ересек пациенттер мен 12 жастан асқан балаларда адамның 1 типті иммунды тапшылық вирусын (АИТВ-1) емдеу үшін қолданылады.Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі АИТВ-инфекциясы
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағы пациенттерде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны туғызуға қабілетті препараттармен бірге сақтықпен қолдану.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A индукциялайтын дәрілік препараттар, асқазандағы pH-ты жоғарылататын дәрілік препараттар - қан плазмасындағы рилпивирин концентрациясының төмендеуі және емдік әсердің жойылуы. CYP3А тежейтін дәрілік препараттар - қан плазмасында рилпивирин концентрациясының жоғарылауы. Диданозин - диданозинді рилпиринді қабылдағаннан кейін, кем дегенде, екі сағатқа дейін немесе төрт сағаттан соң қабылдау керек. НЕКТТ (делавирдин, эфавиренз, этравирин, невирапин) - бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Құрысуға қарсы заттар (карбамазепин, окскарбазепин, фенобарбитал, фенитоин) - рилпивириннің емдік тиімділігінің төмендеуі. Рифампицин, рифапентин - емдік әсердің жойылуы. Кларитромицин, эритромицин - қан плазмасында рилпивирин концентрациясының жоғарылауы. Н2-гистаминді рецепторлар тежегіштері, дабигатран - бір мезгілде сақтықпен қолдану. Протон помпасының тежегіштері (омепразол, эзомепразол, лансопразол, пантопразол, рабепразол) - рилпивириннің емдік әсерінің жойылуы. Бір реттік дозаны қоспағанда, дексаметазон, жүйелік глюкокортикоид - рилпивириннің емдік әсерінің жойылуы. Шілтерлі шәйқурай негізіндегі препараттар - рилпивириннің емдік әсерінің жойылуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр сатыдағы бүйрек қызметінің бұзылыстары немесе аурудың терминалды сатысындағы пациенттерге сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауырлығы орта деңгейдегі бауыр қызметі бұзылысы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Ауыр деңгейдегі бауыр қызметінің бұзылысы бар (Чайлд-Пью бойынша С тобы) пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жалпы холестерин деңгейінің жоғарылауы (аш қарында), ТТЛП холестерині деңгейінің жоғарылауы (аш қарында), ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, панкреатиттік амилаза деңгейінің жоғарылауы, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы.       Жиі: лейкоциттер санының азаюы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы, тәбеттің төмендеуі, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы (аш қарында), патологиялық түс көрулер, депрессия, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің түсуі, ұйқышылдық, іштің ауыруы, құсу, липаза деңгейінің жоғарылауы, іш тұсындағы жайсыздық, ауыздың құрғауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бөртпе, шаршау.Жиі емес: иммундық реактивация синдромы.                                                                Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтану кезінде, таблетканы шайнамау, ұсақтамау. 12 жастан асқан балаларға: ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 25 мг. Егер препаратты қабылдауда 12 сағаттан артық кешіктірілген болса, өткізіп алынған дозаны қабылдауға болмайды, келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 12 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.