J04AM02 Рифампицин және Изониазид¹ (Rifampicin and Izoniazid)
Қолдану көрсеткіштері
Өкпе және басқа да ағзалардың туберкулезі (біріктірілген емнің құрамында).Берілген кешенді дәрілік заттың құрамына кіретін әр препарат туралы толық ақпарат Рифампицин (Rifampicin) және Изониазид¹ (Isoniazid) монографияларында берілген.Қолдану тәсілі және дозасы Ересектер. Ішке, 150 мг/150 мг дозада емдеудің демеуші фазасын 4 ай бойы тек үзік-үзік режиммен жүргізеді (аптасына 2 рет). Ұсынылатын дозасы - 2 таблетка (150 мг/150 мг) дене салмағы 30-39 кг болғанда; 3 таблетка 40-54 кг болғанда; 4 таблетка 55-70 кг болғанда; 5 таблетка дене салмағы 71 кг жоғары болғанда.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
-
Клинические протоколы:
- Туберкулез органов дыхания у детей
- Внелегочный туберкулез
- Туберкулез органов дыхания у взрослых
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Балаларға қолдану көрсетілмегеніне қарамастан, әрбір препараттың сәйкес келетін дозасы баланың салмағына сай болған жағдайда, үлкен жастағы балаларға препаратты пайдалану қарастырылуы мүмкін (емдеу хаттамаларына жүгініңіз). Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді