A10AB05 Инсулин аспарт¹ (Insulin aspart)
Қолдану көрсеткіштері
Инсулинге тәуелді қант диабетін емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
- Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
Қарсы көрсеткіштері
Инсулин аспарт немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық; гипогликемия.
Қауіпсіздік шаралары
Ағзаның инсулинге қажеттелігіне қатысты инсулиннің өте жоғары дозасы енгізілсе, онда гипогликемия дамиды. Препараттың жеткіліксіз дозасы немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, 1 типті қант диабетінде өліммен аяқталатын гипергликемияның немесе диабеттік кетоацидоздың дамуына әкелуі мүмкін. Бүйрек, бауыр немесе бүйрек үсті безінің, гипофиз немесе қалқанша без функциясына әсер етутін қатар жүретін аурулар инсулин дозасын өзгертуді талап етуі мүмкін. Балаларда инсулин аспартты адамның еритін инсулинінің орнына препарат әсерінің жылдам басталуы қажет болатын, мысалы сәбиге инъекция мен тамақтану арасындағы тиісті уақыт аралығын сақтау қиын болатын жағдайда қолданған дұрыс. Пациентті инсулиннің жаңа түріне немесе өндірушісі басқа инсулинге ауыстыруды қатаң медициналық бақылаумен және қажет болған жағдайда дозасын түзетумен жүргізу керек. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пероральді гипогликемиялық препараттар, МАО тежегіштері, ААФ тежегіштері, карбоангидраза тежегіштері, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, бромокриптин, сульфонамидтер, анаболикалық стероидтар, тетрациклиндер, клофибрат, кетоконазол, мебендазол, пиридоксин, теофиллин, циклофосфамид, фенфлурамин, литий препараттары, салицилаттар - гипогликемиялық әсерінің күшеюі.Пероральді контрацептивтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, тиазидті диуретиктер, гепарин, трициклдік антидепрессанттар, симпатомиметиктер, даназол, клонидин, кальций каналдарының блокаторлары, диазоксид, морфин, фенитоин, никотин - гипогликемиялық әсерінің әлсіреуі.Бета-адреноблокаторлар гипокликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.Пиоглитазон - жүрек жеткіліксіздігі, дене салмағының артуы және ісінулер (әсіресе жүрек жеткіліксіздігі даму факторлары бар пациенттерде).Октреотид/ланреотид - инсулинге қажеттіліктің жоғарылауы/төмендеуі.Алкоголь - инсулиннің гипогликемиялық әсерінің жоғарылауы/төмендеуі.Тиазолидиндион тобының препараттары - іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (әсіресе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі дамуының қауіп факторлары болған жағдайда).Тиол немесе сульфитті топтан тұратын дәрілік заттар - инсулин аспарт ыдырауы.ХБП (Хагедорн бейтарап протамині) және инфузияларға арналған ерітінділерді қоспағанда, басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Инсулинге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Қандағы глюкоза концентрациясы деңгейін мұқият бақылау және дозасын жекелей түзету керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Инсулинге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Қандағы глюкоза концентрациясы деңгейін мұқият бақылау және дозасын жекелей түзету керек.
Жүктілік
Жүктіліктің бүкіл мерзімінде және жүктілік басталуы мүмкін кезеңде диабеттен зардап шегетін жүкті әйелдерге мониторинг жүргізу және қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау. Инсулин қажеттілігі, әдетте, жүктіліктің І триместрінде төмендейді де, ІІ және ІІІ триместрлерінде біртіндеп артады. Босанудан кейін көп ұзамай инсулин қажеттілігі жүктілікке дейінгі деңгейіне жылдам оралады.
Емізу
Дозасы түзетілуі мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия, рефракция бұзылулары, ісінулер және енгізілген жердегі реакциялар (ауырсыну, қызару, бөртпе, қабыну, қанталау, инъекция орнының ісінуі және қышынуы). Сирек: липодистрофия, ісінулер, аллергиялық реакциялар, есекжем, терілік бөртпе (таралған асқын сезімталдық симптомдары: қышыну, тершеңдік, асқазан-ішектік бұзылыстар, ангионевротикалық ісіну, тынысалудың қиындауы, жүрек қағысы, артериялық қысымның төмендеуі, анафилактикалық реакциялар), рефракция бұзылысы, диабеттік ретинопатия, енгізген жердегі реакциялар.Өте сирек: перифериялық нейропатия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балаларда инсулин аспартты адамның еритін инсулинінің орнына препарат әсерінің жылдам басталуы қажет болатын, мысалы сәбиге инъекция мен тамақтану арасындағы тиісті уақыт аралығын сақтау қиын болатын жағдайда қолданған дұрыс. Балаларда 2 жастан бастап инсулинге жекелей тәуліктік қажеттілік, әдетте, 0,5-тен 1,0 ХБ/кг құрайды. 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.