J02A05 Микафунгин (Micafungin)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектер, сонымен бірге егде жастағылар, балалар (сонымен бірге жаңадан туылған) және жасөспірімдер: инвазиялық кандидозды емдеу, зеңге қарсы препараттарды көктамыр ішіне қолдану қажет болатын пациенттерде өңеш кандидозын емдеу, қан түзетін бағаналы жасушалардың аллогенді трансплантациясынан кейінгі пациенттердегі немесе 10 және одан көп күн бойы нейтропения болжанатын (нейтрофилдер саны 500/мкл төмен) пациенттердегі кандидоздың алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Альвеококкоз печени
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Абдоминальная травма
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Болезнь Гоше
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Абсцесс печени
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Острая мезентериальная ишемия
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Трансплантация почки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық, басқа эхинокандиндерге айқаспалы сезімталдық, галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Зеңге қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми/ұлттық нұсқаулықтарда баяндалатын ұсынымдарға жүгіну қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
0,9% натрий хлориді ерітіндісі мен 5% декстроза ерітіндісін қоспағанда, басқа фармацевтикалық өнімдермен араластыруға және пациенттерге бір мезгілде енгізуге болмайды.Мофетил, циклоспорин, такролимус, преднизолон, сиролимус, нифедипин, флуконазол, ритонавир, рифампицин, итраконазол, вариконазол және амфотерицин В - микафунгинді дозалау режимін түзету талап етілмейді.Амфотерицин В дезоксихолат - амфотерицин В дезоксихолаты экспозициясының 30% жоғарылауы, амфотерицин В дезоксихолаты уыттылығын мұқият бақылаумен, пайдасы қауіптен айқын басым болған жағдайда ғана қолдану.Сиролимус, нифедипин немесе итраконазол - сиролимус, нифедипин немесе итраконазолдың уытты әсерін анықтау мақсатымен мониторинг жүргізу, және қажет болғанда, аталған препараттар дозасын төмендету.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Микафунгинді басқа зеңге қарсы препараттар ұсынылмаған жағдайда ғана бауырдың созылмалы аурулары бар науқастарға қолдану керек.
Жүктілік
Микафунгинді егер анық қажеттілік болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Емізу
Препарат ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда науқастың осы санаттарына қолданылады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: лейкопения, нейтропения, анемия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия, бас ауыруы, флебит (көбіне шеткері катетерлер қойылған АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде), жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, қан сарысуында сілтілік фосфатаза, АСТ, АЛТ, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауырдың функционалдық тестілерінің өзгеруі, бөртпе, гипертермия, қалтырау, гепатомегалия.Жиі емес: тромбоцитопения, тахикардия, гипертензия, гипотензия, панцитопения, эозинофилия, гипоальбуминемия, анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, гипонатриемия, гиперкалиемия, гипофосфатемия, ұйқысыздық, үрейлену, сананың бұзылуы, анорексия, ұйқышылдық, тремор, бас айналуы, дәм сезудің бұрмалануы, гипергидроз.Маңызды! Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Көктамыр ішілік инфузия. Жаңадан туылған сәбилердегі инвазиялық кандидоз (маманның ұсынысы бойынша тағайындалады): 14 күн бойы, күн сайын бір рет 2 мг/кг; қажет болған жағдайда ұлғайтылған дозада қабылдау күніне бір рет 4 мг/кг дейін. Балалар (дене салмағы 40 кг дейін): 14 күн бойы, күн сайын бір рет 2 мг/кг. Балалар (дене салмағы 40 кг және одан жоғары): кемінде 14 күн бойы, күніне бір рет 100 мг; қажет болған жағдайда дозасын күніне бір рет 200 мг дейін арттырады, егер жауап жеткіліксіз болса. Өңеш кандидозы 16-17 жастағы балалар (дене салмағы 40 кг дейін): күн сайын 3 мг/кг. 16-17 жастағы балалар (дене салмағы 40 кг және одан жоғары): күніне бір рет 150 мг. Кандидоздық инфекцияның алдын алу жаңадан туылған сәбилер 7 күн бойы бір рет 1 мг/кг. Балалар (дене салмағы 40 кг дейін): 7 күн бойы бір рет 1 мг/кг. Балалар (дене салмағы 40 кг және одан жоғары): 7 күн бойы күн сайын бір рет 50 мг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.