J02A04 Каспофунгин¹ (Caspofungin)
Қолдану көрсеткіштері
Зеңді инфекцияға күдіктенгенде фебрильді нейтропениясы бар пациенттердегі эмпирикалық ем, нейтропениясы бар және онсыз пациенттердегі инвазиялық кандидоз (соның ішінде кандидемия), инвазиялық аспергиллез (басқа емге рефрактерлі немесе жақпаушылығы бар пациенттерде), эзофагеальді кандидоз (флуконазолды қоса, басқа зеңге қарсы емге жауап бермейтін пациенттерде), орофарингеальді кандидоз (флуконазолды қоса, басқа зеңге қарсы емге жауап бермейтін пациенттерде).
-
Клинические протоколы:
- Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Абдоминальная травма
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Болезнь Гоше
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Абсцесс печени
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Трансплантация почки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде терінің аллергиялық реакциялары бар пациенттерде препаратты қолданған кезде сақтық танытқан жөн. Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферменті тапшылығы бар пациенттер каспофунгин қабылдамауы керек. Препарат тағайындауда бөртпе, бет ісінуін, ангионевроздық ісінуді, қышынуды, ысыну сезімін немесе бронх түйілуін қоса, гистаминге байланысты реакциялардан туындаған жағдайлар байқалады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циклоспорин - аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейлерінің үш есе өткінші жоғарылауы.Рифампицин - каспофунгин таралуының төмендеуі/жоғарылауы.Дәрілік заттар клиренсінің тежегіштері (эфавиренз, невирапин, дексаметазон, фенитоин немесе карбамазепин) - балаларда және ересек пациенттерде каспофунгин концентрациясының клиникалық төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа дәрежелі бұзылысында демеуші тәуліктік дозасы тәулігіне 35 мг-ге дейін азаяды, алайда емдеудің алғашқы күндері, егер тиісті көрсетілімдер бар болса, 70 мг жүктеме доза сақталады.
Жүктілік
Препаратты тағайындау өмір үшін маңызды болып табылатын жағдайларда болмаса, каспофунгинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Емізу
Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыру, қызба, қалтырау, жүрек айну, құсу, диарея, артралгия, гемоглобин және гематокрит концентрацияларының төмендеуі, лейкопения, гипокалиемия, гипоальбуминемия, бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, тікелей және жалпы билирубин), енгізген жердегі реакциялар: флебит, ентігу, бөртпе, қышыну, эритема, тершеңдік.Жиі емес: анорексия, мазасыздық, бағдардан жаңылу, ұйқысыздық, бас айналу, дисгевзия, парестезия, ұйқышылдық, тремор, гипестезия, көрудің нашарлауы, қабақтың ісінуі, көз жасының ағуы, пальпитация, тахикардия, аритмия, жыпылықтаушы аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, құйылулар, гипо/гипертензия, мұрынның бітелуі, жұтқыншақ-көмей ауыруы, тахипноэ, бронх түйілуі, жөтел, пароксизмалық түнгі ентігу, гипоксия, сырылдау, ысқырып дем алу, тыныс алу кезіндегі патологиялық шулар, іш аумағының ауыруы, іштің жоғарғы тұсының ауыруы, асқазандағы жайсыздық, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, диспепсия, асцит, іш қату, дисфагия, метеоризм, ақ қабықтардың иктериялануы (сарғаюы), холестаз, гепатомегалия, гипербилирубинемия, сарғаю, жайылған қышыну, мультиформалы эритема, дақты, дақты-папулезді, эритематозды, қыртыс тәрізді, жайылған және қышытатын бөртпе, есекжем, аллергиялық дерматит, терінің зақымдануы белдің ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, сүйектердің ауыруы, бұлшықеттің әлсіздігі, миалгия, ауыру және жайсыздану, жергілікті реакциялар, көктамырлық катетер енгізген аумақ терісінің қызаруы, тығыздану, гематома, ісіну, тітіркену, тромбофлебит, әлсіздік, қызба, шеткері ісіну, кеуде қуысы аумағының жайсыздануы, беттің ісінуі, жайсыздық.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
3 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.