J02A02 Итраконазол¹ (Itraconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Вульвоагинальді кандидоз, кебек тәрізді теміреткі, итраконазолға сезімтал дерматофиттермен туындаған дерматомикоздар (Trichophyton spp., Microsporum spp., Epidermophyton floccosum), мысалы, табан дерматофитиясы, шап дерматомикозы, дене дерматофитиясы, қол мен алақан дерматофитиясы. Ауыз қуысы кандидозы, онихомикоз, дерматофиттерден және/немесе ашытқылардан туындаған онихомикоздар, гистоплазмоз, жүйелі микоздар, зеңге қарсы бірінші желідегі ем қолданылмайтын жағдайларда немесе басқа зеңге қарсы препараттармен емдеу тиімсіз болған жағдайда, аспергиллез және кандидоз, криптококкоз (криптококкты менингитті қоса): криптококкозы бар иммундық жүйесі әлсіреген пациенттерді, сонымен бірге орталық жүйке жүйесінің криптококкозы бар барлық пациенттерге; ЖИТС бар пациенттерде жасырын зеңдік инфекцияның қайталануының алдын алу мақсатындағы демеуші ем. Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде стандартты ем жеткіліксіз болған кезде зеңдік инфекцияның алдын алу үшін тағайындалады.
    Клинические протоколы:
  1. Урогенитальные заболевания, вызванные возбудителями микоплазмоза
  2. Дерматофитии
  3. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  4. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  5. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  6. Апластическая анемия у детей
  7. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  8. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  9. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  10. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  11. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  12. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  13. Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
  14. Тяжелый комбинированный иммунодефицит
  15. Аутологичная трансплантация костного мозга
  16. Перикардиты
  17. Пневмония у детей
  18. Врожденные пороки развития легких у новорожденных

Қарсы көрсеткіштері

Итраконазолға немесе қосымша заттардың біреуіне асқын сезімталдық. Препаратпен емдеу кезінде CYP3A4 субстраттарын қолдану қарсы көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген препараттардың қан плазмасындағы жоғары концентрациялары олардың итраконазолмен бірге қолданылуы терапевтикалық әсерін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін, сонымен бірге өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың пайда болуына әсер ететін, берілген дәрілік препараттардің жағымсыз әсерлерін күшейтуі және ұзартуы мүмкін. Қарыншалық дисфункциясы бар пациенттерге, мысалы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (ІЖЖ) немесе ІЖЖ анамнезінің болуы, өмірге қауіп төндіретін немесе басқа ауыр инфекцияларды қоспағанда.

Қауіпсіздік шаралары

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар немесе бастан өткерген жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды, мұндай емдеудің пайдасы, оның қаупінен күмәнсіз асып түсетін жағдайларды қоспағанда. Итраконазолмен емдеу аясында ауыр гепатоуыттылық жағдайлары туралы, соның ішінде өліммен аяқталатын бауырдың жедел жеткіліксіздігінің бірнеше жағдайлары өте сирек дамыған. Пациенттерге гепатиттің симптомдары пайда болған жағдайда шұғыл дәрігерге қаралуы қажеттігін ескерту керек, атап айтқанда: анорексия, жүрек айнуы, құсу, қажу, іштің ауыруы немесе несептің қараюы. Бұл симптомдар бар болса емдеуді дереу тоқтатып, бауыр функциясына зерттеу жүргізу қажет. Бауыр ферменттері деңгейі жоғары, бауырдың белсенді аурулары немесе басқа дәрілік препараттардан туындаған гепатоуыттылық белгілері бар пациенттерге емдеу тек оның болжамды пайдасы бауырдың зақымдану қаупінен астам болса ғана жүргізілуі мүмкін. Бұндай пациенттерге бауыр ферменттерінің деңгейін бақылау талап етіледі. Егер қолданудың пайдасы әлеуетті қаупінен асатын болса ғана, препаратты егде жастағы пациенттер қабылдауына болады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

СYРЗА4 ферментінің күшті индукторлары (бактерияға қарсы: изониазид, рифабутин, рифампицин; құрысуға қарсы: карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин; вирусқа қарсы: эфавиренз, невирапин) итраконазол биожетімділігінің төмендеуіне әкеледі.Асқазан қышқылдығын төмендететін дәрілік заттар (антацидті заттар: алюминий гидроксиді; тұз қышқылы секрециясын тежейтін заттар: H2- гистаминдік рецепторлар антагонистері; протондық помпа тежегіштері) итраконазол сіңірілуін бұзады. СYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштері (бактерияға қарсы препараттар: ципрофлоксацин, кларитромицин, эритромицин; вирусқа қарсы препараттар: ритонавирмен күшейтілген дарунавир, ритонавирмен күшейтілген фосампренавир, индинавир, ритонавир) итраконазол биожетімділігін ұлғайтуы мүмкін.СЕҚҚП-мен итраконазол - плазмада СЕҚҚП концентрациясын төмендетуі мүмкін.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, дозасын түзету талап етіледі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Қолданылуы бойынша деректер шектелген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, жүрек айнуы, іштің ауыруы.                                                                           Жиі емес: синусит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, ринит, жоғары сезімталдық, құсу, диспепсия, метеоризм, диарея, іштің қатуы, бауыр қызметінің бұзылуы, есекжем, бөртпе, қышыну, етеккір оралымының бұзылуы.Сирек: лейкопения, сарысулық ауру, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық реакция, гипертриглицеридемия, парестезия, гипестезия, дисгевзия, анық көрмеу және бұлыңғырлану, диплопия, өтпелі немесе тұрақты естудің жоғалуы, құлақтағы шуыл, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, демікпе, панкреатит, елеулі гепатоуытты әсер, сонымен қатар өлімге әкеліп соғатын бауыр жеткіліксіздігі, гипербилирубинемия, уытты эпидермальды некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, ауыр жалпылама экзантематозды пустулез, көп формалы эритема, эксфолиативті дерматит, лейкоцитокластикалық васкулит, алопеция, жарыққа сезімталдық, поллакриурия, эректильді қызметтің бұзылуы, ісіну, қандағы креатинфосфкиназаның жоғарылауы.

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.