J02A01 Флуконазол¹ (Fluconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Криптококкоз, жүйелік кандидоз, шырышты қабықтар, соның ішінде ауыз қуысының, жұтқыншақ және өңештің кандидозы, инвазиялық емес бронх- өкпелік инфекциялар, кандидурия, иммундық жүйе қызметі төмендеген, соның ішінде цитостатикалық немесе сәулелі терапия қабылдап жүрген науқастарда зеңдік инфекциялардың алдын алу, кебек тәрізді теміреткі және терінің кандидоздық инфекциялары.

Қарсы көрсеткіштері

Флуконазолға, препараттың басқа да компоненттеріне немесе құрылымы бойынша флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық, сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі бар науқастар.

Қауіпсіздік шаралары

Флуканозолды проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау қажет. ЖИТС-ке шалдыққан науқастар ауыр терілік реакциялар дамуына өте бейім болып келеді, осындай жағдайларда беткейлік зеңдік инфекциялары бар науқастарда бөртпе пайда болғанда және ол флуканозол қабылдауымен байланысты деп есептелгенде, препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бас айналу немесе тырысулар пайда болу мүмкіндігіне байланысты, автокөлікті басқарғанда немесе техниканы пайдаланғанда сақ болған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Цизаприд - цизаприд концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы және QT интервалының ұзаруы.  Астемизол - плазмалық астемизол концентрациясының жоғарылауы және QT интервалының ұзаруы. Пимозид, хинидин - берілген препараттар концентрацияларының жоғарылауы, QT интервалының ұзаруы, сирек жағдайларда көпформалы қарыншалық пароксизмалды тахикардия дамуы. Бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН. Эритромицин - кардиоуыттылық ықтималдығы және кенеттен өлім қаупінің жоғарылауы. Амиодарон - амиодарон концентрациясының жоғарылауы және QT интервалының ұзаруы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет етілмейді. Бірнеше рет қабылдағанда бастапқы дозасы 50 мг- нан 400 мг аралығында (ұсынылған тәуліктік дозасына негізделген), креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен болғанда дозасын 50% төмендету.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Флуконазолмен байланысты болуы мүмкін, бауырдың клиникалық зақымдану белгілері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысулық аминотрансфераза (АЛТ және АСТ)  деңгейінің жоғарылауы, бөртпе;Жиі емес: ұйқысыздық, ұйқышылдық, құрысулар, бас айналуы, парестезия, дәмнің өзгеруі, вертиго, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы, холестаз, сарғаю, билирубин жоғарылауы, қышыну, есекжем, жоғары тершеңдік, дәрілік заттың әсерінен болған дерматит, миалгия, шаршағыштық, ауыршаңдық, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы;Сирек: агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия, тремор, қарыншалардың дірілдеуі/жыпылықтауы, QT интервалының ұзаруы, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса гепатоуытты әсер, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар, уытты эпидермальды некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы,  жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті  дерматит, беттің ісінуі,  алопеция.

Балаларда қолданылуы

6 жастан асқан балалар. Шырышты қабаттар кандидозы - тәулігіне 3-6 мг 1 кг дене салмағына, 3 аптадан кем емес; Жүйелі кандидоздарда - тәулігіне 6-12 мг 1 кг дене салмағына, 10- 12 апта аралығында. Балаларға арналған тәуліктік доза ересектерге арналған дозадан аспауы тиіс. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Ѵ Шырышты қабаттар кандидозы: 14 күнге дейінгі жаңадан туылған балалар: алғашқы күні доза 3-6 мг/кг құрайды, кейін 3 мг/кг әр 72 сағатта; 14 күннен 28 күнге дейінгі жаңадан туылған балалар: алғашқы күні доза 3-6 мг/кг құрайды, кейін 3 мг/ кг әр 48 сағатта; 1 айдан 11 жасқа дейінгі балалар: алғашқы күні доза 3-6 мг/ кг құрайды, кейін күн сайын 3 мг/кг 7-14 күн аралығында орофарингеальді кандидозда, 14-30 күн шырышты қабаттардың басқа да инфекцияларында; 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар: орофарингеальді кандидозда 50 мг күн сайын 7-14 күн аралығында, шырышты қабаттардың басқа да инфекцияларында 14-30 күн.