J02A02 Кетоконазол¹ (Ketoconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Кетоконазол тек өмірге қауіпті жүйелік (терең) микоздарды емдеуге арналған: бластомикоз, кокцидиоидомикоз, гистоплазмоз, хромомикоз, паракокцидиомикоз. Гепатоуыттылық қаупіне байланысты таблеткаларды тек потенциалды пайдасы ықтимал потенциалды қауіптен басым болған жағдайларда ғана, сондай- ақ кетоконазолдың жергілікті дәрілік түрлерінің және басқа да препараттардың бар екендігін ескере отырып, пайдаланған жөн. Кетоконазол препаратын зеңдік менингитте қолдануға болмайды, себебі кетоконазол ми-жұлын сұйықтығына нашар өтеді.
    Клинические протоколы:
  1. Кандидоз полости рта
  2. Дерматофитии
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Болезнь Иценко-Кушинга
  5. Перикардиты
  6. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Кетоконазолға және/немесе имидазолдың зеңге қарсы кез келген дәрілік заттарына, немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ауыр бауырлық уыттылыққа байланысты кетоконазол қабылдап жүрген барлық пациенттерде бауыр ферменттеріне бақылау жүргізу керек. Глюкокортикостероидтарға жоғары қажеттілігіне байланысты кортизол тапшылығы орта жағдайдағы ем кезінде; және/немесе кетоконазолмен артық емдеуде бүйрек үсті жеткіліксіздігі, сонымен қатар бүйрек үсті жеткіліксіздігі тұрақты бір уақыт аралығында (мысалы, стресс жағдайы, хирургияда, немесе инфекцияларда) бақыланып отыру керек. Галактоза көтере алмаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрлері, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромымен зардап шегетін пациенттерге дәрілік затты қабылдау ұсынылмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Асқазан сөлінің қышқылдылығын төмендететін препараттар кетоконазолдың сіңірілуін төмендетеді.Рифампицин, рифабутин, карбамазепин, изониазид, невирапин, митотан және фенитоин - кетоконазол биожетімділігінің төмендеуі.CYP3A4 күшті тежегіштері (вирусқа қарсы - ритонавир, ритонавирмен күшейтілген дарунавир және ритонавирмен күшейтілген фосампренавир) - кетоконазол биожетімділігінің жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Айқын бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жедел немесе созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бауыр қызметі зерттеулерінің атиптік нәтижесі.Жиі: бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, журек айну, іштің ауыруы, құсу, диарея, қышыну, бөртпе.Жиі емес: тромбоцитопения, анафилактикалық шокты қоса, аллергиялық жағдайлар, анафилактоидты реакциялар, анафилактикалық реакциялар және Квинке ісінуі, бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, есекжем, алопеция, астения.Сирек: ауыр гепатоуыттылық, сарғаю, гепатит, бауыр некрозы, бауыр циррозы, өлімге әкелетін немесе трансплантацияны талап ететін жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі.Өте сирек: қызбалы жағдай.Жиілігі белгісіз: ұйқысыздық, ашушаңдық, алкогольді көтере алмаушылық, тәбеттің жоғалуы, тәбеттің жоғарылауы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (папиллоэдема, шығыңқы еңбек), парестезия, жарықтан қорқу, мұрыннан қан кету, диспепсия, метеоризм, тіл түсінің өзгеруі, ауыздың құрғауы, дисгевзия, жарыққа сезімталдық, экссудатиті эритема, дерматит, эритема, ксеродерма, миалгия, артралгия, етеккір оралымының бұзылуы, азооспермия, эректильді дисфункция, гинекомастия, шеткері ісінулер, жалпы қажу, қызбалы жай-күй.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтану кезінде.12 жастан асқан балаларға дозасы ересектерге арналған дозалау режимімен бірдей.12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған