J01XB01 Колистин (Colistin)
Қолдану көрсеткіштері
Кеңінен пайдаланылатын жүйелік бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға болмайтын немесе бактериялық төзімділік дамуына байланысты тиімсіздігі кезінде төменгі тыныс алу жолдары мен несеп жолының инфекцияларын қоса, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter, Citrobacter spp. әсерінен туындаған ауыр инфекцияларды емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Колистиметат натрийге (колистин) немесе полимиксин В-ға жоғары сезімталдық, қатерлі миастения (миастения gravis).
Қауіпсіздік шаралары
Порфириясы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану қажет. Барлық бактерияға қарсы препараттарды қабылдау кезінде антибиотиктерді қолданумен байланысты колит және жалған жарғақшалы колит байқалған, және натрий колистиметатын қолданудан да туындауы мүмкін. Мұндай патологиялар дамыған кезде препаратпен ем жүргізуді тоқтату мүмкіндігін қарастырған жөн. Препаратты қолданған кезең бойы тасымалдау құралдарын басқарудан және күрделі механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер - нейроуыттылық және/немесе нефроуыттылық әсердің күшеюі.Цефалоспориндер, ілмектік диуретиктер - препараттың нефроуыттылық әсерінің күшеюі.Наркозға арналған ингаляциялық заттар, орталық және шеткергі әсер ететін миорелаксанттар, аминогликозидтер - жүйке-бұлшықет берілісі блокадасының даму қаупі.Алкоголь - колистиннің нейроуыттылығының күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, бүйрек қызметіне бақылау қажет. Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмендеген жағдайда препараттың тәуліктік дозасын 2 есеге төмендету.
Жүктілік
Плаценталық тосқауыл арқылы енеді және эмбриональді уыттылыққа алып келуі мүмкін. Оны қолданудың ықтимал пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен жоғары болған жағдайды қоспағанда қолдануға рұқсат етілген.
Емізу
Емшек сүтімен бөлінеді. Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату жөнінде мәселені қарастыру.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: нейроуыттылық, сезімталдықтың транзиторлы бұзылулары, бас ауыруы, бұлшықеттің әлсіздігі, парестезия, қышыну, бүйрек қызметінің бұзылысы.Сирек: бүйрек жеткіліксіздігі.
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне 50 мл көлемінде инфузия түрінде 30-60 минут ішінде енгізеді. Көктамырға кіру жолы (TIVAD) толығымен имплантацияланған құрылғысы бар пациенттерде кем дегенде 5 мин бойы енгізелетін болюсті инъекция қолдануға болады.Дене салмағы 40 кг дейін балаларға: 3 дозаға бөліп, тәулігіне 75 000-150 000 ӘБ/кг дозаларда тағайындайды.6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.