J01XA01 Ванкомицин (Vancomycin)
Қолдану көрсеткіштері
| Вена
ішіне енгізу Ванкомицин пациенттердің барлық жас топтарында мынадай инфекцияларды емдеу үшін қолдануға көрсетілген: тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары; сүйектер мен буындардың инфекциялары; ауруханадан тыс пневмония; ауруханаішілік пневмония, оның ішінде өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) байланысты пневмония; инфекциялық эндокардит. Ванкомицин сондай-ақ пациенттердің барлық жас топтарында ірі хирургиялық араласулар кезінде бактериялық эндокардиттің даму қаупі жоғары болған жағдайда периоперациялық антибактериялық профилактика үшін қолдануға көрсетілген. Ішке қолдану Ванкомицин пациенттердің барлық жас топтарында Clostridium difficile туындатқан инфекцияларды емдеу үшін ішке қолданылуы мүмкін. Антибактериялық препараттарды тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет. |
-
Клинические протоколы:
- Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
- Переломы фаланг кисти
- Перелом ключицы
- Вывих плечевой кости
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация костного мозга
- Ювенильная ангиофиброма носоглотки и основания черепа у детей
- Рожа у детей
- Крестцово-копчиковая тератома у новорожденных
- Микрохирургическая декомпрессия структур спинного мозга с полной резекцией и фиксацией переднего и заднего опорного комплексов позвоночника, в том числе с установкой персонифицированного 3D импланта
- Абдоминальная травма
- Абсцесс легкого
- Преждевременная отслойка нормально расположенной плаценты
Қарсы көрсеткіштері
| Әсер
етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; енгізу орнында тіндердің некрозының даму қаупіне байланысты ванкомицинді бұлшықет ішіне енгізуге болмайды |
Қауіпсіздік шаралары
| Вена
ішіне енгізу Ванкомицинді тек стационар жағдайында қолдану ұсынылады. Енгізу орнында ауырсыну және тіндердің некрозының даму қаупіне байланысты ванкомицинді вена ішіне болюстік және бұлшықет ішіне енгізуге болмайды. Жоғары сезімталдық реакциялары Ванкомицинді қолданған кезде ауыр, кейде өлімге әкелетін жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін. Олар пайда болған жағдайда ванкомицинді қолдануды дереу тоқтатып, тиісті шұғыл шараларды қабылдау керек. Ванкомицинді ұзақ уақыт бойы немесе нейтропенияны немесе агранулоцитозды туындатуы мүмкін дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қандағы лейкоциттер санын үнемі бақылау керек. Ванкомицин қабылдайтын барлық пациенттерде қан мен зәр көрсеткіштерін, сондай-ақ бауыр мен бүйрек функциясын мерзімді бақылау қажет. Ванкомицинді тейкопланинге аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені анафилаксиялық шокты қоса алғанда, айқаспалы жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Вена
ішіне енгізгенде Анестезияға арналған дәрілік заттар Ванкомицинді анестезияға арналған дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда эритема, гиперемияны қоса алғанда, гистаминге ұқсас реакциялар және анафилактоидтық реакциялар байқалған. Анестезияға арналған дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда инфузиялық реакциялардың жиілігі жоғарылауы мүмкін. Ванкомицинді анестезия басталғанға дейін кемінде 60 минут бұрын инфузия түрінде енгізу осы реакциялардың даму ықтималдығын төмендетуі мүмкін. Ванкомицинді анестезия кезінде енгізу қажет болған жағдайда ерітіндідегі ванкомицин концентрациясы 5 мг/мл-ден аспауы тиіс; ерітіндіні жүрек функциясын мұқият бақылай отырып, баяу енгізу керек. Инфузия аяқталғанға дейін пациенттің дене қалпын өзгертуге болмайды. Әлеуетті нефроуытты және отоуытты дәрілік заттар Әлеуетті отоуытты және/немесе нефроуытты дәрілік заттарды, оның ішінде амфотерицин B, аминогликозидтерді, бацитрацинді, полимиксин B-ні, колистинді, виомицинді, цисплатинді, ілмектік диуретиктерді, пиперациллин/тазобактамды және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды бір мезгілде немесе бірінен кейін бірін жүйелі немесе жергілікті қолдану ванкомициннің уытты әсер ету қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай біріктірілімдерді қолдану қажет болған жағдайда сақтық танытып, пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу керек. Миорелаксанттар Ванкомицинді миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы дамуы немесе күшеюі мүмкін. Бета-лактамды антибиотиктер Ванкомицин мен бета-лактамды антибиотиктердің ерітінділері араластырылған кезде физикалық тұрғыдан үйлеспейді. Ванкомицин концентрациясының жоғарылауымен тұнба түзілу ықтималдығы артады. Осы антибиотиктерді бірінен кейін бірін вена ішіне енгізген кезде инфузиялық жүйені олардың арасында мұқият шаю ұсынылады. Сондай-ақ ванкомицин ерітіндісін 5 мг/мл немесе одан төмен концентрацияға дейін сұйылту ұсынылады. Ішке қолданғанда Протонды помпа тежегіштері және ішек перистальтикасын бәсеңдететін дәрілік заттар Ванкомицинді ішке қолданған кезде Clostridium difficile туындатқан инфекцияны емдеу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес протонды помпа тежегіштерін және ішек перистальтикасын бәсеңдететін дәрілік заттарды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек
функциясы бұзылған пациенттерде, әсіресе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі және
бүйректі алмастыратын ем жүргізілген кезде, ванкомициннің дозасы мен енгізу
аралығы бүйрек функциясын, қан сарысуындағы препарат концентрациясын және
бүйректі алмастыратын емнің түрін ескере отырып түзетіледі. Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесінде бастапқы дозаны азайтуға болмайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде енгізу арасындағы аралықты ұлғайтуға басымдық беріледі. Clcr 20–49 мл/мин болатын ересек пациенттерде бастапқы доза 15–20 мг/кг әр 24 сағат сайын құрайды; Clcr <20 мл/мин болғанда кейінгі дозалар мен енгізу аралығы жеке анықталады. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар, жағдайы ауыр пациенттерде бастапқы жүктемелік 25–30 мг/кг дозаны азайтуға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған 1 жастан асқан балаларда ванкомициннің дозасы Шварцтың модификацияланған формуласы бойынша есептелген ШСЖ ескеріле отырып түзетіледі. Бүйрек функциясы бұзылған жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда дозаны түзету үшін бұл формула қолданылмайды; осы санаттағы пациенттермен жұмыс тәжірибесі бар маманның консультациясы ұсынылады. Жоғары ағынды гемодиализ және үздіксіз бүйректі алмастыратын ем кезінде қосымша доза қажет болуы мүмкін. Одан кейінгі дозалау қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын ескере отырып анықталады. Жоғары дозаларды қолданғанда немесе ұзақ ем жүргізгенде, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын және бүйрек функциясын тұрақты бақылау қажет. Нефроуытты және/немесе отоуытты дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ванкомициннің дозасын түзету қажет емес. |
Жүктілік
| Жүкті әйелдерде ванкомицинді қолданған кезде қан сарысуындағы препараттың емдік концентрациясына қол жеткізу үшін дозаны арттыру қажет болуы мүмкін. Ванкомициннің дозасын қан сарысуындағы препарат концентрациясын ескере отырып, жеке түзету керек. |
Емізу
| Ванкомицин
емшек сүтіне бөлінеді. Ванкомициннің балада асқазан-ішек жолынан едәуір
мөлшерде сіңуі екіталай. Дегенмен, балада жағымсыз реакциялардың, оның ішінде
диареямен қатар жүретін ішек микрофлорасының бұзылуы, зеңдік флораның өсуі
және сенсибилизацияның даму қаупіне байланысты сақтықпен қолдану қажет. Ана үшін емнің маңыздылығын ескере отырып, бала емізуді немесе ванкомицинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек |
Жағымсыз әсерлері
| Қайтымды
нейтропения әдетте вена ішілік ем басталғаннан кейін бір апта немесе одан көп
уақыт өткен соң немесе ванкомициннің жалпы 25 г-нан астам дозасы
енгізілгеннен кейін дамиды. Ванкомицинді вена ішіне жылдам енгізген кезде ысқырықты тыныс алуды қоса, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар туындауы мүмкін. Инфузияны тоқтатқаннан кейін бұл реакциялар әдетте 20–120 минут ішінде жоғалады. Инфузиялық реакциялардың даму қаупін азайту үшін ванкомицинді баяу вена ішілік инфузия арқылы енгізу керек. Құлақтағы шу естудің жоғалуынан бұрын пайда болуы мүмкін. Отоуыттылық қаупі ванкомициннің жоғары дозаларын қолданғанда, басқа отоуытты дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ бүйрек немесе есту функциясы бұзылған пациенттерде жоғарылайды. Бұлшықет ішіне енгізген кезде енгізу орнында тіндердің некрозы дамуы мүмкін. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Вена
ішіне енгізу Ванкомициннің бастапқы дозасы пациенттің дене салмағын ескере отырып есептеледі. 12 жастан асқан ересектер мен балалар Ұсынылатын доза 15–20 мг/кг құрайды, әрбір 8–12 сағат сайын енгізіледі. Бір реттік доза 2 г-нан аспауы тиіс. Жағдайы ауыр пациенттерде ванкомициннің қан сарысуындағы мақсатты концентрациясына жылдам қол жеткізу үшін 25–30 мг/кг жүктемелік дозаны қолдануға болады. 1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар Ұсынылатын доза 10–15 мг/кг құрайды, әрбір 6 сағат сайын енгізіледі. Жаңа туған нәрестелер Ванкомицинді мерзімінде туған жаңа туған нәрестелерге (туғаннан бастап 27 күнге дейін) және шала туған жаңа туған нәрестелерге (туғаннан бастап болжамды босану күніне дейінгі кезеңді және оған қоса 27 күнді қоса алғанда) қолданар алдында жаңа туған нәрестелермен жұмыс тәжірибесі бар дәрігердің консультациясы қажет. |
Балаларда қолданылуы
| Ванкомицин
балалардың барлық жас топтарында қолданылуы мүмкін. 1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар Ұсынылатын доза 10–15 мг/кг құрайды, әрбір 6 сағат сайын енгізіледі. Жаңа туған нәрестелер Ванкомицинді мерзімінде туған жаңа туған нәрестелерге (туғаннан бастап 27 күнге дейін) және шала туған жаңа туған нәрестелерге (туғаннан бастап болжамды босану күніне дейінгі кезеңді және оған қоса 27 күнді қоса алғанда) қолданар алдында жаңа туған нәрестелермен жұмыс тәжірибесі бар дәрігердің консультациясы қажет. |