J01MB02 Налидикс қышқылы (Nalidixic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Грамтеріс микроорганизмдерден туындаған несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларын емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Диарея у детей. Затяжная диарея

Қарсы көрсеткіштері

Хинолондарға аса жоғары сезімталдық; эпилепсия, Паркинсон ауруы, ауыр церебральді артериосклероз; глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа тапшылығы (гемолиз тудыруы мүмкін) және порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

2 аптадан астам ұзақтықпен емдеген жағдайда қанның пішінді элементтеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізген жөн. Бассүйекішілік гипертензия, психоз немесе басқа уыттылық белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату. Фотосезімталдық реакцияларын тудырады, күн сәулесін немесе УК-сәулеленуді болдырмау. Налидикс қышқылына төзімділік ұзақ емдеу кезінде (екі аптадан астам) дамиды, хинолонның басқа туындыларымен айқаспалы төзімділік байқалады. Сіңірлердің үзілу жағдайлары мәлімделген, тендинитке күдіктенген жағдайда емдеуді тоқтату. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.     

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тетрациклин, хлорамфеникол, нитрофурантоин -  антагонистік әсер. Құрамында магний және алюминий бар антацидтер - препарат абсорбциясын тежейді.Мелфалан - ауыр асқазан-ішек уыттылығының дамуы.Кумарин - пероральді антикоагулянттар әсерінің күшеюі, протромбинді уақыт және халықаралық қалыптастырылған қатынасты бақылау, және кумарин дозасын төмендету қажет.Пробенецид - налидикс қышқылының бүйректік экскрециясының төмендеуі, және жүйелі жағымсыз әсерлер дамуының жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету креатинин клиренсі көрсеткішіне байланысты. Бүйрек функциясына тұрақты мониторинг қажет.Сақтықпен қолдану; шумақтық сүзілу жылдамдығы минутына 20 мл төмен болғанда қолдануды болдырмау.

Бауыр жеткіліксіздігі

Мониторинг қажет.Сақтықпен қабылдау қажет.

Жүктілік

Жүктілік кезінде қауіпсіздігі анықталмаған. Плацента арқылы өтеді және шеміршектің дами бастаған тіндерінен табылған, жаңадан туылған нәрестелердің қанында жоғары концентрацияларға жетеді.Мүмкін болатын фетоуытты әсеріне байланысты жүктілік кезінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Ана сүтіне аздаған дәрежеде енеді, қолдану қажет болған жағдайда, бала емізу кезінде емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: тромбоцитопения, лейкопения, гемолитикалық анемия, негізінен, глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде; Квинке ісінуіне дейін аллергиялық реакциялар; көрудің бұзылыстары (жарықтың шамадан тыс ашықтығы, түс қабылдаудың өзгеруі, фокусталудың қиындауы, көрмей қалу және диплопия).Жиілігі белгісіз: эозинофилия, бұлшықет-буындар ауыруы (буындардың қимылсыздығы, ісіну); метаболикалық ацидоз; ұйқышылдық, астения, бас айналу, бас ауыру, парестезия, тырысулар; уытты психоз және бассүйекішілік гипертензия жоғарылауы; іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазан-ішектік қан кету; холестаз; сіңірлердің ажырауын қоса, сіңірлер ауырулары.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.