J01MA01 Офлоксацин¹ (Ofloxacin)
Қолдану көрсеткіштері
Бронхит, пневмония, синусит, ортаңғы отит, трахеит, тері және жұмсақ тіндер инфекциялары, сүйек және буындар инфекциялары, құрсақ қуысының инфекциялық-қабыну аурулары, соның ішінде несеп шығару жолдарының инфекциялары, пиелонефрит, цистит, уретрит, эндометрит, сальпингит, оофорит, цервицит, параметрит, простатит, кольпит, орхит, эпидидимит, гонорея, хламидиоз, сепсис.
-
Клинические протоколы:
- Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения
- Отморожения у взрослых
- Туляремия
- Акушерский сепсис
- Хламидийная инфекция
- Урогенитальные заболевания, вызванные возбудителями микоплазмоза
- Отморожение у детей
- Ожоги у детей
- Дерматофитии
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
- Трансплантация почки
- Холера
- Хронический бруцеллез
- Апластическая анемия у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Инфекция мочевой системы у детей
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Миокардиты
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Пневмония у детей
- Импетиго
- Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
- Урогенитальные заболевания, вызванные возбудителями микоплазмоза
- Аутоимунный гепатит
- Острый остеомиелит
- Цирроз печени у взрослых
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
- Сепсис
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Бруцеллез
- Почечно-клеточный рак
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа асқын сезімталдық, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, эпилепсия, құрысу табалдырығының төмендеуі, бұрын фторхинолондармен емдеу жүргізу кезінде сіңірлердің зақымдалуы.
Қауіпсіздік шаралары
Ми тамырларының атеросклерозы, ми қанайналымының бұзылуы (анамнезінде), созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында, QT ұзаруы бар науқастарға сақтықпен тағайындау қажет. Офлоксацинді қабылдау кезінде сирек пайда болатын тендинит әсіресе егде жастағы пациенттерде сіңірдің үзілуіне (көбінесе ахилл сіңірі) алып келетінін ескеру керек. Тендинит симптомдары туындаған жағдайда емді дереу тоқтату керек, ахилл сіңірінің иммобилизациясын жүргізу және ортопедпен кеңесу керек. Глюкокортикостероидты препараттармен бірге қабылдағанда, әсіресе егде жастағы адамдарда сіңірдің үзілу қаупі жоғарылайды. Преципитация даму қаупі салдарынан гепаринмен бірге араластыруға болмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
IA және III аритмияға қарсы заттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер - ЭКГ бақылауымен сақтықпен қабылдау.Антацидтер, сукральфаттар, металл катиондары - офлоксацин сіңірілуінің төмендеуі мүмкін, препаратты осындай препараттарды қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын қабылдау.Антикоагулянттар - ұзақ қан кету пайда болуы мүмкін.Глюкокортикостероидтар - сіңірлердің үзілу қаупінің жоғарылауы, әсіресе егде жастағы адамдарда.Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас стероидты емес қабынуға қарсы препараттар - құрысуға дайындықтың церебральді табалдырығының айқын төмендеуі.Глибенкламид - қандағы глибенкламид концентрациясының аз мөлшерде артуы.Пробенецид, циметидин, фуросемид және метотрексат - сақтықпен қолдану, бүйректің каналдық экскрециясына әсер етеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50-20 мл/мин болғанда ұсынылған доза әр 24 сағаттан кейін 100-200 мг құрайды. Креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болғанда - әр 24 сағаттан кейін 100 мг немесе әр 48 сағатта 200 мг.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. 400 мг тәуліктік дозадан асырмау.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: гастралгия, анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, холестатикалық сарғаю, псевдомембранозды энтероколит, бас ауыруы, бас айналуы, қимыл-қозғалыс тұрақсыздығы, діріл, тырысулар, аяқ-қол парестезиялары және жансыздануы, психотикалық реакциялар, фобиялар, сананың шатасуы, галлюцинациялар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, аллергиялық нефрит, эозинофилия.Сирек: тендинит, миалгиялар, артралгиялар, тендосиновит, сіңір үзілуі, түсті қабылдаудың бұзылуы, диплопия, дәм сезу, иіс сезу, есту және тепе-теңдік бұзылуы, тахикардия, коллапс, артериялық қысымның төмендеуі, қабықпен папулезді бөртпе, жергілікті реакциялар: ауырсыну, енгізген жердегі терінің қызаруы, тромбофлебит.Өте сирек: қызба, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, мультиформалы экссудативті эритема, уытты эпидермальді некролиз, васкулит, анафилаксиялық шок, нүктелі қан құйылулар, буллезды геморрагиялық дерматит, лейкопения, агранулоцитоз, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, гемолитикалық және апластикалық анемия, жедел интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының бұзылуы, гиперкреатининемия, мочевина концентрациясының жоғарылауы.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.