J01GB03 Гентамицин¹ (Gentamicin)

Қолдану көрсеткіштері

Келесі грамтеріс микроағзалар туындатқан инфекцияларда: сепсис, неонатальді сепсисті қоса; менингит және ОЖЖ басқа да инфекциялары; өт шығару жолдары инфекциялары; жедел пиелонефрит, простатит; эндокардит; листериозды менингиті бар пациенттердегі ауруханалық пневмония.

Қарсы көрсеткіштері

Аминогликозидтерге асқын сезімталдық, есту жүйкесінің невриті, вестибулярлы аппарат аурулары, ауыр күйік ауруы бар егде жастағы пациенттерге.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты ауруханалық емес пневмонияны емдеуде қолдануға болмайды (амбулаторлық, сондай-ақ стационарлық жағдайларда). Есту және вестибулярлы аппарат қызметін бақылау керек, симптомдар пайда болған жағдайда қабылдауды тоқтату немесе ерекше жағдайларда дозасын түзету қажет. Дегидратация, бас айналуы немесе құлағында шуылы, ботулизм, паркинсонизмі, миастениясы, гипокальцемиясы бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы науқастарда және шала туылған балалаларда сақтықпен қолдану керек. Егде жастағы тұлғаларда және ағзаның сусыздануы кезіндегі отоуыттылық қаупіне байланысты сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауды қажет етеді. Көлемі 20%-дан асатын күйіктерде, эндокардитте, сепсисте гентамицин сульфатының барлық тәуліктік дозасын енгізу ұсынылмайды. Ұзақ уақыт қолданған кезде қандағы гентамицин концентрациясының деңгейін бақылау керек. Препарат құрамындағы натрий бисульфиті аллергиялық реакциялар тудырады, әсіресе ауыр аллергологиялық анамнезі бар науқастарда. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Амфотерицин, капреомицин, кейбір цефалоспориндер, циклоспорин, колистин, ілмекті диуретиктер (фуросемид), этакрин қышқылы, ванкомицин және басқа да нефроуытты немесе отоуытты препараттар - нефроуытты және/немесе отоуытты қаупінің жоғарылауы.Суксаметоний, деполяризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, атракурий) - жүйке-бұлшықет блокадасының ұзаруы.Неостигмин, пиридостигмин - аминогликозидтер антагонисттері.Бисфосфонаттар - гипокальциемия даму қаупінің жоғарылауы.Дигоксин - аминогликозидтер әсерінен концентрациясы жоғарылауы мүмкін (сирек мәлімдеме).Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Нефроуытты. Әрбір 3 күн сайын плазмадағы гентамицин концентрациясын және шумақтық сүзілуді (ШС) бақылау керек, ШС көрсеткіші 50%-ға төмендегенде препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бүйрек қызметі бұзылысы кезінде және гемодиализден кейін ересектерге арналған доза - инфекция ауырлығына байланысты 1-1,7 мг/кг. Азотемия және уремиямен ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген, ұрыққа отоуытты әсерінің қаупі бар. Қан плазмасындағы концентрациясын бақылаумен, тек өмірлік көрсеткіштер бойынша тағайындалады.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Қолдану қажет болған жағдайда, емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

АІЖ бұзылыстары: жүрек айнуы, құсу, тәбетті жоғалту, дене салмағының төмендеуі, сілекей бөлінуінің жоғарылауы.Гепато-билиарлы бұзылыстар: "бауырлық" трансаминазалар, билирубин деңгейінің жоғарылауы.Қан тарапынан өзгерістер: анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, гипокальциемия, гипокалиемия, гипомагниемия (балаларда), эозинофилия.ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: парестезиялар, тырысулар, бас ауыруы, психоз (балаларда), ұйқышылдық, гипотензия.Бүйрек қызметі бұзылыстары: олигурия, протеинурия, микрогематурия, сирек - бүйректің тубулярлы некрозы.Есту бұзылыстары: құлақтағы шуыл, естудің төмендеуі, вестибулярлы және лабиринттік бұзылыстар, қайтымсыз саңыраулық.Аллергиялық реакциялар: бөртпе, қышыну, қызба, ангионевротикалық ісіну.Жергілікті реакциялар: б/і енгізу кезінде енгізілген орынның ауыруы; к/і енгізген кезде - флебиттер және перифлебиттер.

Балаларда қолданылуы

Көктамырға тамшылатып немесе бұлшықетке, тәулігіне 2-3 рет енгізеді. Балаларда к/і тамшылатып сұйықтықтың аз көлемінде препарат концентрациясы 1 мг/мл-0,1%-дан артық емес енгізеді. Жаңадан туылған және емшектегі балалар – тәулігіне 2-5 мг/кг в; 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар – тәулігіне 1,5-3 мг/кг; 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – тәулігіне 3 мг/кг. Барлық жас тобындағы балаларға арналған жоғары тәуліктік дозасы 5 мг/кг құрайды. Бүйрек қызметі бұзылысы кезінде және гемодиализден кейін балаларға – 2-2,5 мг/кг инфекция ауырлығына байланысты. 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, қолдану қажет болған жағдайда тек өмірлік көрсеткіштеріне қарай тағайындайды (ауыр инфекцияларда).ДДСҰ ұсынымдары (толығырақ). Баланың салмағына байланысты нақты дозасын есептеңіз, егер мүмкін болса, келтірілген дозаларды қолданыңыз (толығырақ). Теофиллинмен бірге қолданған жағдайда жағымсыз әсерлер қаупін естен шығармаңыз. Сұйылтылмаған 40 мг/мл концентрациядағы гентамицинді қолданбауға тырысыңыз.