J01GB01 Тобрамицин (Tobramycin)

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін затқа және кез келген аминогликозидті затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты есту немесе вестибулярлы аппараттың белгілі немесе күдіктенген дисфункциясы бар пациенттерге, белгілі немесе күдіктенген бүйрек дисфункциясы бар, myasthenia gravis немесе Паркинсон ауруы сияқты, белгілі немесе күдіктенген нейробұлшықеттік бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациентте аллергиялық реакция ретінде, бронх түйілуінің дамуына күдіктенгенде, препаратпен емдеуді тоқтату.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нефроуытты немесе отоуытты әсер ететін дәрілік заттармен препаратты бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды. Несеп айдайтын (этакрин қышқылы, фуросемид, мочевина немесе көктамырішілік маннитол) заттар - аминогликозидтік заттар уыттылығының артуы. Амфотерицин В, цефалотин, циклоспорин, такролимус, полимиксиндер - жоғары нефроуыттылық қаупі. Платина қосылыстары - жоғары нефро- және отоуыттылық қаупі. Антихолинэстеразалар, ботулин токсині - нейробұлшықеттік әсерлер.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің белгілі немесе күдіктенген бұзылысы бар пациенттерге препаратты қолданғанда сақтық таныту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылыстары бар пациенттер қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде аминогликозидтерді қолданғанда сәбиде есту немесе вестибулярлы жүйке зақымдануының қаупі бар.

Емізу

Сәбидегі отоуыттылық және нефроуыттылық дамуына байланысты бала емізуді уақытша тоқтату немесе препаратпен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қан түкіру, ентігу, дисфония, өнімді жөтел, жөтел, ауыз қуысы және/немесе жұтқыншақтағы ауырсыну, қызба.Жиі: естуді жоғалту, құлақтағы шуыл, мұрыннан қан кету, қырылдау, кеуде қуысы аймағындағы жайсыздық, мұрын бітелуі, бронх түйілуі, афония, құсу, диарея, жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі, жүрек айнуы, дисгевзия, бөртпе, кеуде қуысы аймағындағы сүйек-бұлшықеттік ауырсыну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

6 жас және одан асқан балалар. Ингаляцияға арналған ұнтақ, 28 күндік цикл бойынша қолданылады. Ұсынылған тобрамициннің дозасы 112 мг (28 мг 4 капсула) әр 12 сағат сайын 28 күн ішінде, содан 28 күндік цикл тобрамицинсіз. Препараттың дозасы жас немесе дене салмағына қарамастан барлық пациенттер үшін бірдей. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға ингаляцияны өздігінен қолдана алғанға дейін ересектердің бақылауымен жүргізу. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, 6 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.