A08AB01 Орлистат (Orlistat)

Қолдану көрсеткіштері

Семіздігі бар науқастарды емдеу үшін (дене салмағының индексі 30 кг/м2 және одан артық); дене салмағы шамадан тыс (дене салмағының индексі 27 кг/м2 және одан артық) науқастарды емдеу үшін, қатарлас қауіп факторлары бар болса Препаратпен емдеу басталғаннан кейін 12 апта өткен соң дене салмағы бастапқы көрсеткішінен кем дегенде 5% төмендеуі болмаған жағдайда, емдеу тоқтатылады.
    Клинические протоколы:
  1. Ожирение у взрослых

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; созылмалы мальабсорбция синдромы; холестаз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

 • Пациенттерге  диетаны ұстану ұсынылады.• Құрамында майы төмен диетаны қолдану АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын азайтады.• Антикоагулянттармен емдеу аясында препаратты қабылдайтын емделушілерде қанның ұюы параметрлерін бақылау керек.• Препаратты қабылдау бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін гипероксалурияға және оксалатты нефропатияға әкелуі мүмкін. Бұл қауіп бүйрек ауруы және/немесе дегидратациясы бар емделушілерде артады.• Емдеу кезінде гипотиреоз симптомдары байқалуы және/немесе гипотиреозды емдеуді бақылау нашарлауы мүмкін .•  Емдеу кезінде ректальді қан кету жағдайлары байқалды.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 •  Циклоспорин - бір мезгілде қабылдағанда циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін, біріктіріп емдеу ұсынылмайды. •  Акарбоза - фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеулер жоқ,  біріктіріп емдеу ұсынылмайды. •  Варфаринмен немесе басқа пероральді антикоагулянттар-  бір мезгілде қабылдағанда Халықаралық Қалыптастырылған қатынас (ХҚҚ) мәндерін бақылауға алу қажет. • Амиодарон - клиникалық жағдайын мұқият бақылау, сондай-ақ жүйелі түрде ЭКГ мониторингін жүргізу қажет.     • Эпилепсияға қарсы препараттармен (вальпроат, ламотригин) - құрысу ұстамалары жиілігінің және/немесе ауырлығының артуын анықтау үшін мониторинг жүргізу керек.      • Антидепрессанттар мен  психозға қарсы препараттардың (литийді қоса) - сақтықпен қолдану керек.  • Витаминді кешендерді  қабылдағаннан кейін кемінде 2 сағаттан соң немесе ұйықтар алдында қабылдау керек.    Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы; үстіңгі тыныс жолдарының инфекциясы; іштің ауыруы/жайсыздық; тік ішектен май тәрізді бөліністер; кейбір бөліністер мөлшерімен бірге газдардың бөлінуі; дефекацияға императивтік қысылулар; майлы/май тәрізді нәжіс; метеоризм; сұйық нәжіс; майлы нәжіс; дефекация жиілеуі;  гипогликемия; тұмау.Жиі: төменгі тыныс жолдарының инфекциясы;  ректальді ауыру/жайсыздық; «жұмсақ» нәжіс; нәжіс тоқтамауы; іштің кебуі; тістердің зақымдалуы; қызыл иектің зақымдалуы; несеп жолдарының инфекциясы; қажығыштық;етеккір оралымының бұзылулары;үрейлену.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді