J01FF01 Клиндамицин (Clindamycin)
Қолдану көрсеткіштері
Дәрілерге сезімтал микроорганизмдер (анаэробтар, стрептококктар, пневмококктар және стафилококктар), сондай-ақ пенициллинге төзімді микроорганизмдер пенициллиндерге аллергиясы бар бактериялық инфекциялар: сепсис, өкпе абсцессі, өкпе эмпиемасы, отит, остеомиелит (жедел және созылмалы), операциядан кейінгі іріңді асқынулар, жара инфекциясы, пиодерма, фурункулез, флегмона.• Метициллинге төзімді Staphylococcus aureus (MRSA) бронхоэктазы, сүйектер мен буындардың инфекцияларына, сондай-ақ тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларына;• Орташа және ауыр дәрежелі диабеттік аяқ
-
Клинические протоколы:
- Акушерский сепсис
- Рожа
- Тропическая малярия
- Недостаточность аортального клапана
- Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
- Абсцесс легкого
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Пневмония у детей
- Абсцесс печени
- Врожденная низкая кишечная непроходимость
- Перитонит
- Угревая болезнь
- Гнойный (пиогенный) артрит
- Воспалительные заболевания органов малого таза (сальпингит, оофорит, сальпингоофорит)
- Послеродовый эндометрит
- Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)
Қарсы көрсеткіштері
Клиндамициннің, линкомициннің әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы. Диарея
Қауіпсіздік шаралары
Антибиотикпен астасқан колит дамыған жағдайда клиндамицинді қабылдауды дереу тоқтату қажет; дәрігермен кеңесу және Clostridium difficile қарсы арнайы емді қоса, тиісті емді бастау керек. Бұл жағдайда ішек перистальтикасын басатын препараттарды қолдануға болмайды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе ауыр тері реакциялары (DRESS синдромы, Стивенс - Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез) пайда болған жағдайда клиндамицинмен емдеуді тоқтату және тиісті емді бастау керек.Демікпесі мен анамнезінде басқа да аллергиялары бар пациенттерде клиндамицинді сақтықпен қолдану керек.Бауыр функциясы бұзылғанда қан сарысуында клиндамициннің жоғары концентрациясы және оның жартылай шығарылу уақытының артуы байқалуы мүмкін. Ұзақ мерзімдік емдеу жағдайында қан құрамының көрсеткіштерін, бауыр ферменттерін және бүйрек жұмысын мұқият мониторингілеу қажет. менингитті емдеу үшін пайдалануға болмайды, себебі клиндамицин жұлын сұйықтығына жеткілікті дәрежеде өтпейді. Жіті порфирияларда, орта және егде жастағы әйелдерге, әсіресе операциядан кейін (антибиотик-ассоциацияланған колит) ұсынылмады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бұлшықет релаксанты-олардың әсерін күшейтеді.Асқазан-ішек жолының ауруларында жергілікті қолдануға арналған дәрілер (антацидтер ,белсендірілген көмір)- сіңірілуін төмендетеді.К дәруменінің антагонистері-күшейтілген әсері және/немесе қан кету.Циклоспорин, такролимус-иммунодепрессиялық заттың қандағы концентрациясының төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: диарея, іштің ауыруы, жалған жарғақшалы колит 1,2; бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы Жиі емес: жүрек айнуы, құсу, макулопапулездік бөртпе, есекжемБелгісіз: қынаптық инфекция, Clostridium difficile туғызған колит, агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия, тромбоцитопениялық пурпура, анафилаксиялық шок , анафилаксиялық реакция, пенициллинге аллергиясы бар кейбір пациенттерде Квинке ісінуі және анафилаксия сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары; дисгевзия;өңештің ойық жарасы, эзофагит, сарғаю, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), Стивенс - Джонсон синдромы, DRESS-синдром (эозинофилиямен және жүйелі симптомдарымен дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы), жедел жайылған экзантема тәрізді пустулез, ангионевроздық ісіну, көп формалы эритема, қышыну, қызылша тәрізді бөртпе.
Балаларда қолданылуы
6 жасқа дейнгі балаларға: қарсы көрсетілген.Балаларда қолдану капсуланы толығымен жұтуы мүмкін жағдайда көрсетілген: 3 немесе 4 тең дозаға бөлінген тәулігіне 8–25 мг/кг дозадан. 3-6 мг / кг күніне 4 рет (ең жоғарғы дозасы 450 мг).