J01DD62 Цефоперазон және Сульбактам¹ (Cefoperazone and combinations)

Қолдану көрсеткіштері

Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, несеп шығару жолдарының бактериялық инфекциялары, абдоминальді инфекциялар (перитонит, холецистит, холангит және т.б.), сепсис, менингит, тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары, сүйектер және буындардың инфекциялары, кіші жамбас ағзаларының инфекциялық-қабынулық аурулары (эндометрит, гонорея және жыныс жолдарының басқа да инфекциялары), абдоминальді, гинекологиялық, кардиоваскулярлы және ортопедиялық операциялардан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  2. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  3. Апластическая анемия у детей
  4. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  5. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  6. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  7. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  8. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  9. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  10. Дефицит альфа-1-антитрипсина у детей
  11. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  12. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  13. Острый панкреатит
  14. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  15. Криз отторжения почечного трансплантата
  16. Послеродовый эндометрит
  17. Хроническая трансплантационная нефропатия
  18. Болезнь Гиршпрунга у детей

Қарсы көрсеткіштері

Сульбактамға, цефоперазонға, басқа цефалоспориндерге және бета-лактамды антибиотиктерге, сонымен бірге пенициллиндерге, құрамында лидокаин бар (бұлшықет ішіне енгізген кезде) ерітінділерге аса жоғары сезімталдық, ырғақ жетекшісі анықталмаған жүрекішілік блокада, жүректің ауыр жеткіліксіздігі.

Қауіпсіздік шаралары

Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қабылдауды дереу тоқтату және тиісті емдеуді тағайындау керек. Ауыр анафилактикалық реакциялар шұғыл емді жедел енгізуді талап етеді, атап айтқанда адреналинді енгізу. Тамақтануы шектеулі, сіңірілу бұзылысы (мысалы өт қабының фиброзы кезінде) бар пациенттерге және ұзақ уақыт бойы парентеральді тамақтанатын адамдарда К дәрумені тапшылығының туындау қаупі бар. Протромбиндік уақытты бақылау керек. Препаратпен ұзақ уақыт емдеген кезде ішкі ағзалар қызметінің көрсеткіштерін, соның ішінде бүйрек, бауыр және қантүзу жүйесін тұрақты бақылау ұсынылады. Препаратты қабылдау кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 3 тәулік бойы спирттік ішімдіктерді пайдаланудан бас тарту.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер - нефроуыттылық реакциялар. Егер препараттың аминогликозидтермен біріктірілген емі болжанған болса, онда к/і енгізуді кезекпен жүргізу керек.                                                                                        Кумарин, индандион туындылары, гепарин, тромболитикалық заттар - қан кету қаупі.Қан ұйығыштығының бұзылуы кезінде біріктірілген емдеуді сақтықпен тағайындайды.                                                   Ілмектік диуретиктер - нефроуыттылық әсер.                                                      Алкоголь - дисульфирам тәрізді реакциялар. Алкогольді, құрамында алкоголь бар препараттарды пайдалануды болдырмау!                                            Аминогликозидтермен, амифостинмен, филграстиммен, лабеталолмен, меперединмен, никардипинмен, ондансетронмен, перфеназинмен, прометазинмен, сарграмостинмен, винорелбинмен фармацевтикалық үйлесімсіз.                                            Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға дозасын түзету қажет. Креатинин клиренсі 15-30 мл/мин болғанда әрбір 12 сағат сайын 1,0 г; креатинин клиренсі 15 мл/мин кем болғанда - әрбір 12 сағат сайын 0,5 г енгізеді. Ауыр инфекциялар кезінде цефоперазонды қосымша енгізу қажет болуы мүмкін. Гемодиализде жүрген науқастарға препаратты диализ сеансы аяқталғаннан кейін бірден енгізеді.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Өт жолдарының ауыр обструкциясы және бауырдың ауыр аурулары кезінде, сонымен қатар бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Цефоперазонның сарысулық концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету. Егер цефоперазонның сарысулық концентрациясына тұрақты мониторинг жүргізу мүмкін болмаса, онда оның тәуліктік дозасы 2,0 г аспауы тиіс.                                                                                Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Есекжем, тері гиперемиясы, тері қышынуы, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы.                Өте сирек: анафилактикалық шок, жүрек айнуы, құсу, диарея, жалған жарғақшалы колит, эозинофилия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, гемоглобин және гематокрит деңгейінің төмендеуі, Кумбстың жалған оң сынамасы; аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы, сарысулық билирубиннің жоғарылауы; б/і енгізген кезде - енгізген жердегі ауырсыну, көктамырға енгізгенде - флебит.Басқа: бас ауыруы, қызба, қалтырау, васкулит.                                               Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне. 1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәуліктік дозасы 40-80 мг/кг құрайды, ол 6-12 сағат аралықпен 2-4 енгізуге бөлінеді. Ауыр инфекциялар: тәулігіне 160 мг/кг дейін дозасын арттыру. Жаңадан туылған сәбилер: сульбактамның ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне 80 мг/кг аспауы керек; өмірінің алғашқы аптасында препаратты әрбір 12 сағат сайын енгізу керек.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.