A07EC02 Месалазин¹ (Mesalazine)
Қолдану көрсеткіштері
Айқындығы жеңіл немесе орташа ойық жаралы колиті бар науқастарда клиникалық және эндоскопиялық көрсеткіштері бойынша ремиссияны индукциялау; ойық жаралы колиті бар науқастарда ремиссияны демеу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Крона
- Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
- Язвенный колит
Қарсы көрсеткіштері
Салицилаттарға (месалазинді қоса) немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Аса жоғары сезімталдық реакциясының даму қаупіне байланысты, тынысалу жолдарының созылмалы жеткіліксіздігі бар, әсіресе демікпемен зардап шегетін пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу керек. Белгісіз қан кету, қанталау, пурпура, анемия, қызба немесе тамақ ауыруы пайда болған кезде қан зерттеулерін жүргізу керек. Қандағы патологиялық өзгерістердің дамуына күдік туындаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс. Миокардит немесе перикардит дамуына бейім жағдайлардан зардап шегетін пациенттерге, сульфасалазин мен месалазин арасындағы айқаспалы сезімталдық реакциясының даму қаупіне байланысты, сульфасалазинге аллергиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік препараттарды (СЕҚҚП) қоса, белгілі нефроуытты әсері бар препараттар және азатиоприн - бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупі.Азатиоприн, клозапин, этанерцепт, меркаптопурин, метотрексат және гематологиялық уыттылықты туындататын басқа да препараттар - гематологиялық уыттылық дамуының жоғары қаупі.Кумаринді қатардағы антикоагулянттар, мысалы варфарин - антикоагулянтты белсенділіктің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен! Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген (ШСЖ < 30 мл/мин/1.73 м2).
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен! Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, гипертония, іш кебуі, іштің ауыруы, колит, диарея, диспепсия, құсу, метеоризм, жүрек айнуы, бауыр қызметінің биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқуы (мысалы, аланинаминотрансфераза (АЛТ); аспартатаминотрансфераза (АСТ), билирубин деңгейлерінің), қышыну, бөртпе, артралгия, арқаның ауыруы, астения, шаршау, қызба.Жиі емес: тромбоцитопения, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор, құлақтың ауыруы, тахикардия, гипотония, фаринголарингеальді ауыру, панкреатит, тік ішек полипі, акне, алопеция, есекжем, миалгия.Сирек: агранулоцитоз, бет ісінуі, бүйрек жеткіліксіздігі.Жиілігі белгісіз: апластикалық анемия, лейкопения, нейтропения, панцитопения, аса жоғары сезімталдық, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, эозинофилия және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік бөртпе, невропатия, миокардит, перикардит, аса жоғары сезімталды пневмонит (интерстициальді пневмонитті, аллергиялық альвеолитті, эозинофильді пневмонитті қоса), бронх түйілуі, гепатит, өт-тас ауруы, қызыл жегі тәрізді синдром, интерстициальді нефрит, нефротикалық синдром.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.