J01CR02 Ко-амоксиклав¹ (amoxicillin and beta-lactamase inhibitor)
Қолдану көрсеткіштері
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабынулық аурулар: тыныс алу жолдарының жоғары бөліктерінің инфекциялары (жедел және созылмалы синусит, жұтқыншақ артындағы абсцесс, тонзиллит, фарингит); тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары (сонымен бірге бактериялық суперинфекциямен жедел және созылмалы бронхит, пневмония); жедел және созылмалы отит; несеп шығару жолдарының инфекциялары; гинекологиялық инфекциялар; тері және жұмсақ тіндер инфекциялары; сүйек және буындар инфекциялары; гонорея; одонтогенді инфекциялар.
Қарсы көрсеткіштері
Пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне асқын сезімталдық; басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемге, монобактамға) белгілі асқын сезімталдық; инфекциялық мононуклеоз; лимфолейкоз; бронх демікпесі, пішен полинозы.
Қауіпсіздік шаралары
Аллергиялық реакцияларға бейім пациенттерге, сондай-ақ цефалоспориндік қатар антибиотиктеріне белгілі жоғары сезімталдығы бар пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек, өйткені айқаспалы сезімталдықтың даму қаупі бар. Асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз реакциялар даму қаупін төмендету мақсатында препаратты ас ішу кезінде қабылдау керек. Өте сирек жағдайларда амоксициллин/клавулан қышқылы сананың шатасуы, бас айналуы мен құрысулар сияқты жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін, ол көлік құралдарын және күрделі механизмдерді басқару қабілетін және/немесе қауіпсіз жұмыс істеу қабілетін бұзуы мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тікелей емес антикоагулянттар - протромбиндік уақыттың артуы.Аллопуринол - экзантема даму қаупінің жоғарылауы.Метотрексат - препарат уыттылығын күшейтеді.Рифампицин - бактерияға қарсы әсерінің әлсіреуі.Бактериостатикалық антибиотиктер (макролидтер, тетрациклиндер), сульфаниламидтер - препарат тиімділігінің төмендеуі.Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер - препарат тиімділігінің төмендеуі.Пробенецид - амоксициллиннің бүйректік өзекшелік сөлінісін төмендетеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: диарея.Жиі: кандидоз, жүрек айнуы, құсу.Жиі емес: бас айналу, бас ауыру, диспепсия, бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы, тері бөртпесі, қышыну, есекжем.Сирек: қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения, мультиформалы эритема.Өте сирек: сананың шатасуы, бас айналуы мен құрысулар.Жиілігі белгісіз: қайтымды агранулоцитоз және гемолитикалық анемия, қан кету мен протромбиндік уақыт индексінің ұзаруы, ангионевротикалық ісіну, анафилаксия, сарысулық ауруға ұқсас синдром, аллергиялық васкулит, қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар, жалған жарғақшалы немесе геморрагиялық колит, тіс эмалі беткейлік қабаты түсінің өзгеруі, тілдің жіптәріздес емізікшелерінің гиперплазиясы, гепатит, холестатикалық сарғаю, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллезді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез, интерстициальді нефрит, кристаллурия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, ас алдында.Ұсақталатын таблеткалар болса жарты стақан суда еріту және мұқият араластыру керек, содан соң ішеді немесе таблеткаларды ауызда толық ерігенше ұстайды және содан кейін жұтады2 жастан асқан (немесе дене салмағы 40 кг жоғары) балаларға. Жеңіл немесе орташа ауыр ағымдағы инфекциялар әр 8 сағат сайын 375 мг 1 таблеткадан тағайындайды, инфекцияның ауыр ағымы немесе тыныс алу жолдарының инфекциясында - әр 8 сағат сайын 375 мг 1 таблеткадан тағайындайды. Амоксициллиннің жоғары тәуліктікдозасы дене салмағының 45 мг/кг, клавулан қышқылы - 10 мг/кг құрайды. Одонтогенді инфекцияларда әр 8 сағат сайын 375 мг 1 таблеткадан 5 күн бойы тағайындалады. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.