J01CE08 Бензатин бензилпенициллин (Benzathine benzylpenicillin)
Қолдану көрсеткіштері
Ревматизм ұстамаларының қайталануының алдын алу; мерезді және фрамбезияны (тропикалық спирохетозды) емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Врожденный сифилис
- Превентивное лечение сифилиса
- Ранний сифилис
Қарсы көрсеткіштері
Бета-лактамдық антибиотиктерге (пенициллиндерге және цефалоспориндерге) аллергия. Цефалоспориндермен айқаспалы аллергия болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Қауіпсіздік шаралары
• Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда антибиотиктермен емдеуді тоқтатқан және тиісті ем жүргізген жөн.• Жоғары сезімталдықтың ерекше ауыр жағдайлары, ал кейде өліммен аяқталатын реакциялар (анафилаксия) тіркелді. Сыртартқысында осындай препараттарға тән аллергия бар болған жағдайда абсолютті түрде қолдануға болмайды. Пенициллинге аллергия 5-10% жағдайларда цефалоспориндерге айқаспалы аллергиямен қатараласа жүреді. Бұл егер науқастарда цефалоспоринге аллергия бар екені белгілі болса, пенициллинді қолдануға болмайтынын көрсетеді.Сыртартқысында бронх демікпесі, есекжем, пішен қызбасы сияқты белгілі аллергиялық бұзылулар бар науқастарға препаратты тағайындағанда аса сақтық керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар - жоғары белсенді, бір мезгілде тағайындағанда ХНҚ-ға (халықаралық нормаға келтірілген қатынас) мұқият мониторинг жүргізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде- креатинин клиренсіне байланысты дозаны түзету.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Емшек емізуді (немесе препарат қабылдауды) емшектегі нәрестеде диарея, кандидоз немесе тері бөртпесі пайда болған кез келген жағдайда тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиілігі белгісіз: аллергиялық реакциялар: есекжем, эозинофилия, ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі), тыныстың тарылуы және төтенше жағдайларда анафилактикалық шок; шығу тегі аллергиялық және аллергиялық емес макулопапулёзді тері бөртпесі; асқазан-ішектік бұзылулар, мысалы, жүректің айнуы, диарея;кандидоз; шығу тегі иммундық немесе аллергиялық, сирек байқалған басқа да симптомдар: қанда трансаминаза деңгейінің орташа және уақытша жоғарылауы; қайтымды анемия, лейкопения, тромбоцитопения; жедел интерстициальді нефрит; жалған жарғақшалы колиттің бірнеше жағдайлары; бета-лактамдық антибиотиктерді жоғары дозаларын, атап айтқанда бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарға енгізу энцефалопатияны (сананың нашарлауы, патологиялық қимыл-қозғалыс, құрысу ұстамалары) тудыруы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Балаларға, ревматизм ұстамаларының қайталануының алдын алуӘрбір 2 апта сайын бұлшықетішілік (б/і) 1 инъекция:- балалар үшін, жасына байланысты, 600 000 – 1 200 000 ХБ. 12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 30 кг-ға дейінгі балаларға – 600 000 ХБ, 12 жастан асқан және дене салмағы 30 кг-нан асатын балаларға – 1 200 000 ХБ.Балаларда Трепонематозды емдеу, мерезді (соның ішінде іштен туа болған мерезде) емдеуде – бір реттік 50 000 ХБ/кг доза түрінде, бірақ ең жоғары доза 2 400 000 ХБ-дан аспайды