A07EC01 Сульфасалазин¹ (Sulfasalazine)
Қолдану көрсеткіштері
Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит және проктит (қайталануларын емдеу және алдын алу), ревматоидты артрит және ювенильді артрит.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
- Анкилозирующий спондилит
- Болезнь Бехчета
- Болезнь Шегрена
- Болезнь Крона
- Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
- Язвенный колит
- Псориатический артрит
- Реактивные артриты (M02.8)
- Ревматоидный артрит
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
Қарсы көрсеткіштері
Сульфонамидке, салицил қышқылының эфирлеріне немесе препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық, порфирия, гранулоцитопения, анемия, глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның туа біткен тапшылығы.
Қауіпсіздік шаралары
Сульфасалазинді бронх демікпесі, аллергиясы және глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар науқастарға сақтықпен тағайындайды. Емдеуді бастаудың алдында (сульфасалазинді қабылдауға дейін) және сульфасалазинмен емдеу кезінде (бастапқы екі айында ай сайын және одан кейін әр 3-6 ай сайын) қан талдауын («бауыр ферменттерінің» деңгейін бақылау, қанның жалпы талдауы) жүргізу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде несептің жалпы талдауын жүргізеді.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Азатиоприн, клозапин, этанерцепт, меркаптопурин, метотрексат және басқа да гематологиялық уыттылық туындататын препараттар - гематологиялық уыттылық қаупін күшейтеді.Дигоксин - концентрациясы төмендеуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүкті әйелдерге препаратты тағайындау тек қатаң көрсеткіштер бойынша және ең төменгі тиімді дозада мүмкін болады. Жүктіліктің соңғы триместрінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: лейкопения, нейтропения, макроцитоз, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, анорексия.Жиі емес: амилаза және билирубин, сілтілік фосфатаза және бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, мегабластты анемия, гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, құлақтағы шуыл, диарея, стоматит, паротит, порфирия асқынуы, депрессия, ұйқысыздық, қайтымды олигоспермия, ерлердегі қайтымды бедеулік.Сирек: перифериялық невропатия, бас айналу, конвульсиялар, атаксия, галлюцинациялар, құрысулар, панкреатит, өкпе инфильтраты, ентігу, жөтел, нефротикалық синдром, гематурия, протеинурия, кристаллурия, гепатит, терінің, жұмсақ тіндердің, жанаспалы линзалардың, несептің қызғылт-сары түске боялуы.Өте сирек: апластикалық анемия, соның ішінде Гейнц-Эрлих денешіктерімен гемолитикалық анемия, метгемоглобинемия, эозинофилия, гипопротромбинемия, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, асептикалық менингит, фиброзды альвеолит, улы эпидермальды некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, сарысу ауруы, тері бөртпесі, мультиформалы экзантема, эксфолиативті дерматит, фотосезімталдық реакциялары, дәрілік қызба, периорбитальды ісіну, склералар және конъюктиваның немесе мөлдір қабықтың түйінді артерииті, есекжем, қышыну және терінің қызаруы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, таблеткаларды бүтіндей, сындырмастан және шайнамастан тамақтану кезінде бір стақан сумен қабылдайды. Егер препаратты қабылдауды өткізіп алса, онда келесіде тек бір дозаны ғана қабылдайды. Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит және проктит: 16 жастан асқан балалар 1-ші күні 500 мг (1 таблетка) тәулігіне 4 рет; 2-ші күні 1 г (2 таблетка) тәулігіне 4 рет; 3-ші және келесі күндері 1,5-2 г (3-4 таблетка) тәулігіне 4 рет. 10 жастан 16 жасқа дейінгі және/немесе дене салмағы 35-50 кг балаларға 500 мг тәулігіне 4 рет тағайындайды. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза дене салмағының килограмына 40-60 мг сульфасалазинді құрайды. Ойық жаралы колит және проктит қайталануларының алдын алу: балаларға және/немесе дене салмағы 65 кг астам демеуші 500 мг дозаны тәулігіне 3-4 рет бірнеше ай бойы тағайындайды. Демеуші ем балаларға және 16 жасқа дейінгі және/немесе дене салмағы 65 кг төмен балаларға ұсынылмайды. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеуге келмейтін ревматоидты артрит пен ювенильді артрит: 16 жастан асқан балаларға - бірінші апта ішінде - 500 мг тәулігіне 1 рет, екінші апта ішінде - 500 мг тәулігіне 2 рет, үшінші аптада - 500 мг тәулігіне 3 рет және т.б. Емдік доза тәулігіне 1,5-3 г құрауы мүмкін. Клиникалық әсер емнің 6-10 аптасынан кейін пайда болады. Емдеу курсы - 6 ай және одан көбірек. 6 жастан 8 жасқа дейінгі және/немесе дене салмағы 20-29 кг балаларға: 500 мг тәулігіне 2 рет. 8 жастан 12 жасқа дейінгі және/немесе дене салмағы 30-39 кг балаларға: 500 мг тәулігіне 2-3 рет. 12 жастан 16 жасқа дейінгі және/немесе дене салмағы 40-50 кг балаларға: 500 мг тәулігіне 3 рет немесе 1 г тәулігіне 2 рет. 16 жастан асқан және/немесе дене салмағы 50 кг жоғары балаларға: 1 г тәулігіне 2 рет. Сульфасалазин дозасын апталық аралықпен, ұсынылған дозаға жеткенге дейін біртіндеп ұлғайту керек. Балалар үшін ең жоғарғы тәуліктік доза - 2 г немесе дене салмағына 40-50 мг/кг. 6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.