J01AA02 Доксициклин¹ (Doxycycline)

Қолдану көрсеткіштері

Хламидиялар, рикетсиялар, микоплазма және бозғылт спирохета сияқты сезімтал микроағзалармен туындаған инфекциялар. Жедел синуситті, розацеа, тұрпайы безеуді, акне, қайталанатын афтоздық ойық жараны, периодонтитті, гонококкты емес уретритті, кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын емдеу. Сібір жарасын емдеу және алдын алу. Хлорохин-тұрақты малярияны хининмен біріктіріп емдеу және малярияның алдын алу. Лайм ауруы.
    Клинические протоколы:
  1. Туляремия
  2. Столбняк
  3. Сексуальное насилие
  4. Ранний сифилис
  5. Превентивное лечение сифилиса
  6. Хламидийная инфекция
  7. Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
  8. Тропическая малярия
  9. Урогенитальные заболевания, вызванные возбудителями микоплазмоза
  10. Урогенитальные заболевания, вызванные возбудителями уреаплазмоза и микоплазмоза
  11. Дерматофитии
  12. Лептоспироз
  13. Бруцеллез
  14. Сибирская язва
  15. Холера
  16. Хронический бруцеллез
  17. Энцефалит у детей и взрослых
  18. Перикардиты у детей
  19. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  20. Хроническая трансплантационная нефропатия
  21. Атопический дерматит у детей
  22. Импетиго
  23. Угревая болезнь
  24. Пародонтит
  25. Реактивные артриты (M02.8)
  26. Воспалительные заболевания органов малого таза (сальпингит, оофорит, сальпингоофорит)
  27. Воспалительные заболевания предстательной железы
  28. Криз отторжения почечного трансплантата

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Доксициклинге, басқа тетрациклиндерге немесе препарат құрамына кіретін кез келген затқа аса жоғары сезімталдық; порфирия; лейкопения.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде шеткергі қан көрсеткіштерін бақылау. Пациенттерге фотосенсибилизация жөнінде ескерту, күн сәулесі және УК сәулесінен аулақ болу. Теріде эритемалардың алғашқы көріністері байқалғанда, диарея кезінде препаратты тоқтату. Суперинфекцияның дамуы мүмкін. Тістердің қайтымсыз түсінің өзгеруіне (сары-сұр-қоңыр түс), тіс эмалінің гипоплазиясына алып келеді. Құрамында лактоза болуына байланысты лактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылыстары бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ретиноидтар - бірге қолдануды болдырмау (бассүйекішілік гипертензияның даму қаупі жоғары).Антацидтер, кальций тұздары, сүт тағамдары, темір тұздары, сукральфат - тетрациклиндер сіңірілуінің төмендеуі (сондай-ақ тетрациклиндер темір және мырыш сіңірілуін төмендетеді).Кумаринді антикоагулянттар (мысалы варфарин) - антикоагулянтты әсерді жоғарылатуы мүмкін.Рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал - доксициклин метаболизмінің жоғарылауы (әсері төмендеуі мүмкін).Эрготамин туындылары - эрготамин уыттылығы жоғарылауы мүмкін.Пенициллиндер - пенициллиндермен антагонизм.Сульфонилмочевина - гипокликемиялық әсерінің жоғарылау мүмкіндігі.Метотрексат - метотрексаттың жоғары уыттылығының дамуы туралы ақпараттар.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препаратты ұзақ қабылдағанда бүйрек қызметін бақылау. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр бұзылыстары кезінде қолданбау!

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Гепатоуытты. Бауыр қызметін бақылауға ала отырып сақтықпен тағайындау. Ауыр бауыр бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Жүктілік кезінде қарсы көрсетілген, себебі тетрациклиндер плацента арқылы өтеді және сүйек тіні дамуының ауыр бұзылыстарын тудырады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана сүтіне енеді. Нәресте тістері мен сүйектерінің дамуына кері әсер етуіне байланысты емізу кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: анафилактикалық реакциялар, сонымен қатар ангиоэдема, жүйелі қызыл жегінің нашарлауы, аса жоғары сезімталдық, сарысулық реакция, Шенлейн-Геноха ауруы, ентігу, тахикардия, перифериялық ісінуі және есекжем; бас ауыруы, жүрек айну, құсу; фотосезімталдық реакциясы, бөртпе, макулопапулезді және эритематоздық бөртпені қоса.Жиі емес: қынаптық инфекциялар, диспепсия (қыжыл/гастрит).Сирек: кандидоздық инфекция, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, нейтропения, эозинофилия, эозинофилиямен және жүйелік көріністері бар дәрілік бөртпе, қалқанша безі түсінің микроскопиялық қоңыр-қара түске өзгеруі, порфириялар, тәбеттің төмендеуі, бассүйекішілік идиопатиялық қысым, еңбектің ісінуі, құлақтағы шуыл, гиперемия, панкреатит, жалған жарғақшалы колит (сонымен қатар, С. difficile туындатқан жалған жарғақшалы колит), өңештің ойық жарасы, эзофагит, энтероколит, аногенитальді аумақтың қабынулық зақымдануы (монилиальді өсуімен), дисфагия, іш қуысының ауыруы, диарея, глоссит, стоматит, бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, гепатоуыттылық, сарғаю, бауыр қызметінің бұзылуы, уытты эпидермальді некролиз, Стивен-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, эксфолиативті дерматит, фотоонихолизис, артралгия, миалгия, қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Сүт және түбірлі тістердің түсін қайтымсыз өзгертуі және ерте дамуы кезінде зақымданудың қаупіне байланысты, сүйек пен тістің өсіп жатқан тіндерінде доксициклин жиналатындықтан 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді