A07EA06 Будесонид (Budesonide)

Қолдану көрсеткіштері

Мықынішек және/немесе өрлемелі тоқішекте орналасқан ауырлығы жеңіл немесе орташа  дәрежедегі Крон ауруында; аутоиммундық гепатитте; коллагенозды колитте; пациенттердегі жеңіл немесе орташа дәрежелі жаралы колиттің ремиссия индукциясы; белсенді микроскопиялық колит; эозинофильді эзофагит. 
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Крона
  2. Аутоимунный гепатит

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жергілікті ішек инфекциялары (бактериялар, зеңдер, амебалар, вирустар туғызған); бауыр циррозы; қалқанша без патологиясы бар пациенттер; тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Қауіпсіздік шаралары

• Егер пациентте төменде аталатын аурулардың біреуі бар болса, сақ болу керек: туберкулез, артериялық гипертензия, қант диабеті, остеопороз, пептидті ойық жара (асқазан немесе он екі елі ішектің), глаукома, катаракта, глюкокортикоидтардың жағымсыз әсерлері болуы мүмкін басқа жағдайлар, отбасылық анамнездегі қант диабеті немесе глаукома кезінде.• Көрудің бұзылуы мүмкін; кортикостероидтерді жүйелі және жергілікті пайдалану кезінде гипоталамо-гипофизарлы-адренал жүйесінің тежелуі.• Препаратты жоғары дозада ұзақ пайдалану жүйелі жанама стероидты әсерлерге әкелуі мүмкін. Глюкокортикоидты терапия кезінде бактериялардың, саңырауқұлақтардың, амебалардың және вирустық инфекциялардың активтендіру қаупін ескеру керек.Клиникалық көрінісі көбінесе әдеттен тыс болуы мүмкін, және сепсис және туберкулез сияқты күрделі инфекциялардың бүркемеленуі, сондықтан да, оларды анықтамас бұрын ілгерілеген сатысына жетуі мүмкін. • Желшешекте айрықша сақ болу керек, өйткені әдетте жеңіл өтетін ауру  иммунитеті әлсіреген адамдар өмірі үшін тіпті өліммен аяқталатын қатер төндіретін бағыт алуы мүмкін. Бұл ауруға әлі шалдықпаған пациенттер желшешек немесе белдемелі теміреткі бар адамдармен жақын қатынаста  болмауы тиіс. Жұқтырған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек. Егер желшешешек диагнозы расталса, шұғыл және арнайы емдеу талап етіледі. Кортикостероидтық ем тоқтатылмауы тиіс, дозалануын арттыруға болады.• Қызылшаға шалдыққан пациентпен қатынаста болған иммунитет жүйесі әлсіреген пациенттер инфекция жұқтырудан кейін мүмкіндігінше тез арада  иммуноглобулинмен ем алуы тиіс. Тірі вакциналарды кортикостероидтармен ұзақ уақыт ем алатын тұлғаларға енгізуге болмайды. Басқа вакциналарды енгізуден кейін антиденелер түзілуі төмендеуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Жүрек гликозидтері-гликозидтің әсері калий тапшылығынан күшейеді.• Несеп айдайтын дәрілер-калийдың шығарылуы күшейтіледі.• CYP3A4 тежегіштері (кетоконазол), құрамында кобицистат бар өнімдер - жүйелі жанама әсерлердің қаупі.• CYP3A4 тежегіштері (кетоконазол, ритонавир, итраконазол, кларитромицин), грейпфрут шырыны - қан плазмасындағы препарат концентрациясының жоғарылауы.• CYP3A4 индукторлары-препараттың ішектің шырышты қабығына жергілікті әсерін азайтуы мүмкін.•  CYP3A4 үшін субстраттар-плазмадағы бәсекелес заттардың концентрациясын арттыру.• Эстрогендер немесе ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілер -плазмадағы кортикостероидтардың деңгейін арттырады және олардың әсерін күшейтеді.              •  Холестирамин және антацидтер сияқты стероидтерді байланыстыратын синтетикалық шайыр- ықпалының әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозалау жөніндегі арнайы ұсынымдар жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының орташа бұзылуы бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Ана сүтіне өтеді. Емдік дозаларын пайдалану кезінде емшектегі балаға болымсыз ғана әсер етуі күтіледі. Бала емізуді тоқтату немесе  емделуден бас тарту немесе тоқтату шешімі емшек емізудің сәбиге пайдасы мен емдеудің анаға пайдасын ескере отырып мұқият таразылануы тиіс. 

Жағымсыз әсерлері

Жиі: Кушинг синдромы: мысалы, ай тәрізді бет, шамадан тыс семіздік, глюкоза көтерімділігінің бұзылуы, қант диабеті, артериялық гипертензия, ісінулері бар натрий іркілісі, калий экскрециясының жоғарылауы, бүйрек үсті бездері қыртысының істен шығуы және атрофиясы, қызыл жолақтар, стероидты безеулер, жыныс гормоны секрециясының бұзылуы (мысалы, аменорея, гирсутизм, импотенция); инфекциялық аурулар туындау қаупінің жоғарылауы; бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі және құрысулар, остеопороз; бас ауыру; депрессия, ашушаңдық, эйфория; аллергиялық бөртпе, петехиялар, экхимоздар, жаралардың баяу жазылуы, жанаспалы дерматит; диспепсия.Жиі емес: асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы; психомоторлық аса жоғары белсенділік, мазасыздық.Сирек: глаукома, катаракта, көрудің бұлыңғырлануы, панкреатит, остеонекроз, озбырлық, экхимоз.Өте сирек: балалардағы өсу кідірісі; іш қату; жалған ми ісігі, кейде жасөспірімдердегі көру жүйкесінің дискісі ісінуімен; тромбоздар қаупінің жоғарылауы, васкулит (ұзақ емдеуден кейінгі тоқтату синдромы); шаршау, әлсіздік.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.