H02A08 Триамцинолон (Triamcinolone)
Қолдану көрсеткіштері
Аллергиялық реакциялар; ревматикалық аурулар (ауыр ревматоидты артрит, жедел подагра, жедел спецификалық емес шорбуынданатын спондилит, бурсит, эпикондилит); дерматологиялық аурулар; көз аурулары; эндокринді жүйенің аурулары; асқазан-ішек аурулары: аймақтық энтерит (Крон ауруы) және ойықжаралы колит, туберкулезді менингит, асқыну кезеңіндегі жайылған склероз.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Алопеция
- Атопический дерматит
- Атопический дерматит у детей
- Контактный аллергический дерматит
- Пузырчатка
- Токсикодермия
- Угревая болезнь
- Болезнь Бехчета
- Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
- Остеоартроз
- Перекрестный (overlap) синдром
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; жүйелі зеңдік инфекциялар; идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура кезінде бұлшықетке енгізу.
Қауіпсіздік шаралары
Көктамырға енгізуге болмайды! Инфекция жұқтырғандармен жанасуды болдырмау керек; инфекция белгілерінің жасырылуы мүмкін және оған тұрақтылығының төмендеуі, туберкулез даму қаупінің жоғарылауы. Вакцинация жүргізуге болмайды. Психикалық бұзылыстар мүмкіндігі. Келесі пациенттерге сақтықпен қолдану керек: қасаң қабық перфорациясының мүмкіндігіне байланысты ұшықтық зақымданулары, спецификалық емес ойық жаралы колиті, дивертикулиті, белсенді немесе жасырын ойық жаралы колит, гипертониялық ауруы, остеопороз және миастениясы бар. Лейкоциттердің, қандағы глюкозаның, холестериннің, триглицеридтердің, төмен тығыздықты липопротеидтердің деңгейінің жоғарылауы, несепте 17-гидроксистероид және 17-кетостероид деңгейінің төмендеуі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
СЕҚҚЗ - қан кетулер қаупінің жоғарылауы (соның ішінде геморрагиялық инсульттің) және асқазан шырышты қабығының жаралануы.Тікелей емес антикоагулянттар (кумарин және индандион туындылары), тікелей антикоагулянттар, тромболитиктер - геморрагиялық инсульт қаупі.Карбамазепин, эфедрин, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин - триамцинолон клиренсінің жоғарылауы және оның тиімділігінің төмендеуі.Эстрогеннен тұратын оральді контрацептивтер - глюкокортикоид клиренсінің жоғарылауы және жартылай шығарылу кезеңінің төмендеуі (дозасын түзету).Вакциналар, тірі вирустар немесе басқа да иммунизация - ГК фармакологиялық (иммуносупрессивтік) дозалары тірі вирустар репликациясының ынталануына, вирустық аурулар даму қаупінің жоғарылауына, вакцинаға антидене түзілуінің төмендеуіне алып келеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету талап етіледі, емдеуді әдеттегі ұсынылған дозаның жартысынан бастау керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: тамақтың қарлығуы, тамақтың тітіркенуі және құрғауы, ауыздың құрғауы, тері тарапынан өзгерістер, остеопороз, остеонекроз, бүйрек үсті безі қызметінің тежелуі, Кушинг синдромы.Жиі емес: холестерин және триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, бас ауыруы, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия, көру мүшелері тарапынан өзгерістер, он екі елі ішектің ойық жарасы және асқазан-ішектен қан кету, депрессия, тұлғалық өзгеру.Сирек: агранулоцитоз, лимфопения, моноцитопения, өкпе туберкулезі, порфирия, галлюцинациялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Бұлшықетке, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 0,03-0,2 мг/кг, 1-7-күн аралықпен; 12 жастан асқан балалар: бастапқы доза 40 мг; 100 мг-нан 120 мг-ға дейін бір реттік дозасы қолданылуы мүмкін. Буын ішіне енгізу үшін, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мг-нан 40 мг дейін тікелей патологиялық өзгерген ошақ/аймаққа: 5 мг-нан 10 мг дейін, зақымдалған аймаққа байланысты сәйкес бөлікке бөлінген. 6 жасқа дейінгі (б/і енгізу); 12 жасқа дейінгі балаларға (патологиялық өзгерген ошақ/аймаққа) қарсы көрсетілген.