H02A04 Метилпреднизолон¹ (Methylprednisolone)

Қолдану көрсеткіштері

Глюкокортикоидтар орынбасушы ем ретінде тағайындалатын жекелеген эндокриндік бұзылыстардан басқа жағдайларда, тек симптоматикалық емдеу ретінде ғана тағайындалуы керек.Эндокриндік аурулар: жедел, біріншілік және екіншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі (қажет болған жағдайда минералокортикоидтармен бірге); бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі әсерінен болатын шок; бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне күдіктенгенде; бүйрек үсті безінің туа біткен гиперплазиясы; жеделге жуық тиреоидит; онкологиялық аурулар аясындағы гиперкальциемия.Ревматизмдік аурулар (өршуі), қысқа мерзімді қосымша емдеу: жарақаттан кейінгі остеоартрит; остеоартрит кезіндегі синовит; ревматоидтық артрит, Стилл-Шоффар ауруы; жедел және жеделге жуық бурсит; эпикондилит; спецификалық емес жедел тендосиновит; жедел подагралық артрит; псориаздық артрит; шорбуынданатын спондилит.Дәнекер тіндердің диффузды аурулары (коллагеноздар) және иммундық кешен аурулары: жүйелі қызыл жегі және жегілік нефрит; жедел ревмокардит; дерматомиозит (полимиозит); түйінді периартериит; Гудпасчер синдромы.Дерматологиялық аурулар: пемфигус (күлбіреуік); ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы); эксфолиативті дерматит; ауыр псориаз; буллезді герпес тәрізді дерматит; ауыр себореялы дерматит; зең тәріздес микоз.Аллергиялық аурулар: бронх демікпесі; жанаспалы дерматит; атопиялық дерматит; сарысулық ауру; маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит; дәрілік препараттарға аса жоғары сезімталдық; қан құюдан кейінгі есекжем; көмейдің инфекциялық емес жедел ісінуі.Көз аурулары: Herpes zoster көз формасы (көздің белдеулік ұшығы); ирит, иридоциклит; хориоретинит; диффуздық артқы увеит және хориоидит; көру жүйкесінің невриті; симпатикалық офтальмия; алдыңғы сегменттің қабынуы; аллергиялық конъюнктивит; қасаң қабақ айналасындағы аллергиялық ойық жарасы; кератит.Асқазан-ішек жолының аурулары: спецификалық емес ойық жаралы колит; аумақтық энтерит.Респираторлық аурулар: симптоматикалық саркоидоз; бериллиоз; фульминантты немесе диссеминирленген туберкулез, Леффлер синдромы; аспирациялық пневмонит; ауыр немесе орта дәрежедегі АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде пневмоцисттік пневмония; өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының (ӨСОА) асқынуы.Қан аурулары: жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолитикалық анемия; ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (к/і; б/і қарсы көрсетілген); ересектердегі екіншілік тромбоцитопения; эритробластопения (эритроцитарлық анемия); туа біткен (эритроидтық) гипопластикалық анемия.Пластикалық емес аурулар (паллиативті ем): ересектердегі лейкоздар және лимфомалар; балалардағы жедел лейкоз; обырдың терминалды кезеңіндегі науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту.Ісіну синдромы: уремиясы жоқ нефроздық синдромы бар науқастарда диурезді ынталандыру немесе протеинурия ремиссиясына жету үшін.Жүйке жүйесінің аурулары: мидың ісінуі; жайылған склероздың асқынуы; жұлынның жедел жарақаты: емдеу жарақат алғаннан кейінгі алғашқы 8 сағат ішінде; субарахноидальді блокпен немесе блок қаупімен жүретін туберкулездік менингит.Өзге көрсеткіштері: жүйке жүйесінің немесе миокард зақымдануымен жүретін трихинеллез; ағзаларды трансплантациялау; онкологиялық аурулардағы химиялық еммен байланысты құсу және жүрек айнудың алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Заболевания белого вещества головного мозга
  2. Трансплантация печени
  3. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  4. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  5. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  6. Апластическая анемия у детей
  7. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  8. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  9. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  10. Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
  11. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  12. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  13. Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
  14. Системные васкулиты
  15. Трансплантация легких
  16. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  17. Трансплантация печени у детей
  18. Аутоиммунные энцефалиты у детей
  19. Аутологичная трансплантация костного мозга
  20. Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
  21. Рассеянный склероз
  22. Острый рассеянный энцефаломиелит
  23. Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
  24. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  25. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  26. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  27. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  28. Трансплантация сердца
  29. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  30. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  31. Атопический дерматит у детей
  32. Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
  33. Контактный аллергический дерматит
  34. Крапивница
  35. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  36. Панникулиты
  37. Псориаз
  38. Пузырчатка
  39. Токсикодермия
  40. Анкилозирующий спондилит
  41. Болезнь Бехчета
  42. Болезнь Шегрена
  43. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  44. Гонартроз
  45. Идиопатические воспалительные миопатии
  46. Аутоимунный гепатит
  47. Болезнь Крона
  48. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  49. Цирроз печени у взрослых
  50. Язвенный колит
  51. Перекрестный (overlap) синдром
  52. Подагрический артрит
  53. Псориатический артрит
  54. Реактивные артриты (M02.8)
  55. Ревматоидный артрит
  56. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  57. Системная красная волчанка
  58. Системная красная волчанка (педиатрия)
  59. Системная склеродермия
  60. Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
  61. Узелковый полиартериит у детей
  62. Ювенильная локальная склеродермия
  63. Ювенильный дерматомиозит
  64. Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
  65. Ювенильный системный склероз
  66. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  67. Ведение детей с пересаженной почкой
  68. Криз отторжения почечного трансплантата
  69. Нефротический синдром
  70. Нефротический синдром у детей
  71. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  72. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  73. Трансплантация почки
  74. Трансплантация почки у детей
  75. Хроническая трансплантационная нефропатия
  76. Хронический нефритический синдром у детей
  77. Болезни печени, связанные с беременностью
  78. Анафилактический шок
  79. Врожденный буллезный эпидермолиз
  80. Эпилепсия у детей

Қарсы көрсеткіштері

Метилпреднизолонға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; жүйелік зеңдік инфекциялар; жедел және жеделге жуық миокард инфарктісі; интратекальді (қабыршақ ішілік) қолдану; эпидуральді енгізу жолы; тірі немесе әлсіреген вакциналарды және кортикостероидтардың иммуносупрессорлық дозасын бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Арнайы қауіп тобына жататын пациенттер медициналық бақылауда болуы және емдеуді қысқа мерзім ішінде алуы керек: балалар, қан диабетімен ауыратын науқастар, артериялық гипертензиясы бар пациенттер, анамнезінде психикалық ауытқулары бар пациенттер, туберкулез сияқты кейбір инфекциялық аурулар, немесе офтальмологиялық симптомдармен бірге жүретін ұшық және белдеулік ұшық сияқты кейбір вирустық аурулары бар пациенттер. Кортикостероидтардың иммунодепрессивті емес дозаларын қабылдап жүрген пациенттер талап етілетін барлық иммунизация процедураларынан өтулеріне болады. Қасаң қабықтың тесілу мүмкіндігімен байланысты офтальмологиялық ұшығы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Гравис миастениясы немесе остеопорозда; артериялық гипертензия; бүйрек жеткіліксіздігі; белсенді немесе жасырын ойық жаралы ауруда; егер тесілу, абцесс немесе басқа да іріңді инфекциялар қаупі болғанда, спецификалық емес ойық жаралы колитте сақтықпен қолдану. Тромбоэмболиялық бұзылыстары бар немесе олардың дамуына бейім пациенттерге сақтықпен қолдану. Кортикостероидтарды болжамды немесе анықталған феохромоцитомасы бар пациенттерде пайда мен қауіпті тиісті бағалаудан кейін ғана қолдануға болады. Теріастылық атрофияның жоғары жиілігіне байланысты дельта тәрізді бұлшықетке инъекцияны болдырмау. Метилпреднизолон натрий сукцинатын бас жарақатын емдеу үшін тұрақты қолдануға болмайды.Бронх түйілуі және анафилаксияны қоса, елеулі аллергиялық реакцияларға байланысты сиыр сүтіне аллергиясы бар пациенттерге құрамында лактоза бар метилпреднизолонның инъекциялық формасын қолдануға болмайды.Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруды болдырмау керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ульцерогенді дәрілік заттар (мысалы, салицилаттар және СЕҚҚП) - асқазан-ішек асқынулары қаупінің күшеюі.Тиазидті диуретиктер - глюкозаны көтере алмаушылық даму қаупінің жоғарылауы.Пероральді гипогликемиялық заттар - глюкокортикостероидтар инсулинге немесе қант диабеті кезінде пероральді гипогликемиялық заттарға қажеттілігін арттыруы мүмкін.Табиғи шешекке қарсы вакцинация - кортикостероидтарды, әсіресе жоғарғы дозада қабылдап жүрген пациенттерде гуморальді жауаптың болмауы және/немесе неврологиялық асқынулар қаупіне байланысты вакцинация қарсы көрсетілген.Ацетилсалицил қышқылы - қан сарысуында салицилаттар концентрациясының түсуі немесе метилпреднизолонды қабылдауды тоқтату кезінде салицилаттар уыттылығының жоғарылау қаупі.Циклоспорин - метаболизмнің өзара тежелуі.Бауыр ферменттері белсенділігін индуцирлейтін препараттар (мысалы, фенобарбитал, фенитоин және рифампицин) - метилпреднизолон клиренсінің ұлғаюы.CYP3A4 тежегіштері (мысалы, макролидтер, триазольді зеңге қарсы заттар және кейбір кальций каналдарының блокаторлары) - метилпреднизолон метаболизмінің тежелуі және, осыған байланысты оның клиренсінің азаюы.Пероральді антикоагулянттар - антикоагулянттық әсердің төмендеуі және сонымен қатар артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі белгісіз: инфекциялардың жасырылуы, жасырын инфекциялардың белсенуі, оппортунистік инфекциялар; циркуляторлы коллапс немесе онсыз анафилаксияны қоса, асқын сезімталдық реакциялар, жүректің тоқтауы, бронх түйілуі; кушингоидтық жағдайдың дамуы, гипоталамо-гипофизді-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі; натрийдің ұсталуы, сұйықтықтың ұсталуы, гипокалиемиялық алкалоз, көмірсуларды төмен көтере алушылық, жасырын қант диабетінің белгілері, диабет кезінде инсулин және пероральді гипогликемиялық заттарға қажеттіліктің жоғарылауы; эпидуральді липоматоз; лейкоцитоз; эйфориядан, ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі, тұлға өзгерістері және ауыр депрессиядан жедел психоздық көріністерге дейінгі психикалық бұзылыстар; папиллярлық ісінумен бассүйекішілік қысымның артуы (идиопатиялық бассүйекішілік қысым), құрысулар, вертиго; артқы субкапсулярлық катаракта, экзофтальм; хориоретинопатия; көру жүйкесінің зақымдануы мүмкіндігімен глаукома, зеңдермен немесе вирустармен туындаған салдарлы көздің инфекциялары; бейімділігі бар пациенттерде жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі миокард жарылуы; аритмия, циркуляторлы коллапс, жүректің тоқтауы (метилпреднизолон натрий сукцинатын к/і жоғары дозада жылдам енгізгеннен кейін (10 минуттан кем уақыт ішінде енгізілетін 0,5 г-нан артық)); брадикардия (метилпреднизолон натрий сукцинатын жоғары дозада енгізу барысында және кейін), тахикардия (метилпреднизолон натрий сукцинатын жоғары дозада енгізгеннен кейін); артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, петехия; тромбоздық көріністер; тұрақты ықылық (кортикостероидтардың жоғары дозасында); тесілу қаупімен пептидтік ойық жара және геморрагиялар, асқазаннан қан кетулер, панкреатит, эзофагит, ішек тесілуі; гепатит, бауыр ферменттерінің жоғарылауы (мысалы: СГҚТ/СГПТ); экхимоздар, жұқа, жеңіл жарақаттанатын тері; жергілікті тері атрофиясы (жергілікті қайталама инъекция кезінде); стероидты миопатия, бұлшықет әлсіреуі, остеопороз, асептикалық некроз; етеккір оралымының бұзылуы; жарақаттың баяу жазылуы, балаларда бой өсуінің тежелуі; калийдің жоғалуы, қандайда да бір клиникалық синдромдармен байланыссыз сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы; ақуыздар катаболизмі түрткі болатын теріс азотты теңгерім, көзішілік қысымның жоғарылауы, тері сынамаларын жүргізу кезіндегі реакциялардың бәсеңдеуі; омыртқаның компрессиялық сынулары, патологиялық сынулар, сіңірлердің (әсіресе ахилл сіңірінің) үзілуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Көктамыр ішіне (к/і), бұлшықет (б/і) немесе инфузия түрінде к/і, әрбір 24 сағат сайын тәулігіне 0,5 мг/кг кем емес. 3 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.