H02A01 Бетаметазон¹ (Betamethasone)

Қолдану көрсеткіштері

Ревматоидты артрит, остеоартриттер, бурситтер, тендосиновииттер, тендиниттер, перитендиниттер; шорбуынданатын спондилит, эпикондилит, радикулит, кокцидиния, ишиас, люмбаго; қисық мойын, ганглиялық киста, экзостоз, фасциит, табан аурулары, қатты мүйізгек аясындағы бурсит, өкше тепкілері, аяқтың үлкен саусағының қимылы шектелісінде. Бронх демікпесі, демікпелік статус, пішен қызбасы, аллергиялық бронхит, аллергиялық ринит, дәрі-дәрмектік аллергия, сарысулық ауру, жәндіктердің шағуына реакциялар. Атопиялық дерматит (монета тәрізді экзема), нейродермит, жанаспалы дерматит, айқын күн сәулелік дерматит, есекжем, қызыл жалпақ теміреткі, инсулиндік липодистрофия, ұяшықты алопеция, дискоидтық эритематозды жегі, псориаз, келоид тыртықтары, кәдімгі сулы бөртпе, герпестік дерматит, кистозды безеулер. Жүйелік эритематозды жегі, склеродермия, дерматомиозит, түйінді периартериит. Ересектердегі лейкоз және лимфомалардың паллиативті емінде. Ішек ауруларының (ойық жаралы колит, регионарлы илеит, спру) адреногенитальді синдромы, кортикостероидты ем жүргізуді талап ететін қанның патологиялық өзгерістері, нефрит, нефротикалық синдром. Бүйрек үсті бездері қыртысының біріншілік және екіншілік жеткіліксіздігі (минералокортикоидтарды міндетті түрде бір мезгілде енгізгенде).
    Клинические протоколы:
  1. Крапивница
  2. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  3. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  4. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  5. Алопеция
  6. Псориаз
  7. Анкилозирующий спондилит
  8. Гонартроз
  9. Грыжи диска поясничного и других отделов позвоночника с сохранением стабильности позвоночно-двигательного сегмента (оперативное лечение)
  10. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  11. Остеоартроз
  12. Подагрический артрит
  13. Псориатический артрит
  14. Реактивные артриты (M02.8)
  15. Крайняя незрелость
  16. Ложные схватки
  17. Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
  18. Преждевременный разрыв плодных оболочек
  19. Анафилактический шок

Қарсы көрсеткіштері

Бетаметазонға, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа глюкокортикостероидтарға жоғары сезімталдық; жүйелі микоздар; идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурасы бар пациенттерге бұлшықетішілік енгізу; инфекциялық артрит, орнықсыз буын, инфекция жұқтырған тері беткейіне және омыртқа аралық кеңістікке енгізу.

Қауіпсіздік шаралары

Тромбоцитопениялық пурпура, гипотиреоз, спецификалық емес ойық жаралы колит, асқазан және он екі елі ішектің белсенді немесе латентті ойық жара аурулары, артериялық гипертензия, остеопороз, ауыр миастенияда б/і енгізу кезінде сақ болу керек. Препарат қабылдау аясында психика бұзылуы мүмкін. Қант диабеті бар науқастарға қант деңгейін төмендететін терапияның түзетілуі қажет болуы мүмкін. Неврологиялық асқынулардың даму қаупіне және жауап ретіндегі төмен иммундық реакцияларға (антиденелер түзілуінің болмауы) байланысты глюкокортикостероидтармен емдеу аясында шешекке қарсы екпе жасау, науқастарға басқа да иммунизация жүргізуге болмайды. Препаратпен емдеу белсенді тез өтетін немесе диссеминирленген туберкулез жағдайында талапқа сай туберкулезге қарсы терапия біріктірілімімен ғана жүргізілуі мүмкін. Глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану катарактаның (әсіресе, балаларда), көру жүйкесінің зақымдануы мүмкін глаукоманың дамуына, көздің екіншілік инфекциясының  (зеңдік немесе вирустық) дамуына алып келуі мүмкін. Гипопротромбинемияда ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімінде қан кету артуы мүмкін. Терапия аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде бүйрек үсті безі қыртысының екіншілік жеткіліксіздігі дамуы, сонымен қатар  сперматозоидтар саны мен қозғалғыштығы өзгеруі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фенобарбитал, рифампицин, фенитоин, эфедрин - бетаметазонның терапевтикалық белсенділігінің төмендеуі. Эстрогендер - артық дозалану қаупіне байланысты бетаметазонмен бірге қолданған кезде препарат дозасын түзету қажет . Диуретиктер - гипокалиемия даму қаупі.  Жүрек гликозидтері - гипокалиемия нәтижесінде, аритмиялар немесе дигиталисті улану қаупінің жоғарылауы. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, алкоголь - асқазан-ішек жолының эрозивті- ойық жаралық зақымдануларының көріністері жиілеуі немесе қарқындылығының жоғарылау мүмкіндігі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, абсорбция мүмкіндігінің жоғарылауы.

Жүктілік

Егер ана үшін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Дозасына байланысты және дозасын төмендету арқылы азайтылуы мүмкін:ОЖЖ тарапынан: тырысулар, көру жүйкесі дискісінің ісінуімен бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (әдетте ем аяқталғаннан кейін), бас айналуы, бас ауруы, эйфория, көңіл-күй өзгерістері, депрессия (айқын психоздық реакциялармен), жоғары тітіркенгіштік, ұйқысыздық;Эндокринді жүйе тарапынан: менструациялық циклдың бұзылуы, Кушинг синдромы, ұрық дамуының немесе бала өсуінің кідірісі, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, латентті қант диабетінің көріністері, инсулин инъекциясына немесе пероральды диабетке қарсы заттарға  қажеттіліктің жоғарылауы;Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия;АІЖ тарапынан: ықылық, асқазан-ішек жолының перфорациясы және қан кетуге ұласуы мүмкін эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, өңештің ойықжарасы, панкреатит, метеоризм;Тірек-қимыл аппараты тарапынан: бұлшықет әлсіздігі, миопатия, бұлшықет массасын жоғалту, ауыр псевдопаралитикалық миастения кезінде миастениялық симптомдардың күшеюі, остеопороз, жамбас басының немесе иық сүйегінің асептикалық некрозы, түтікті сүйектердің патологиялық сынуы, сіңір ажырауы, буындардың тұрақсыздығы (бірнеше инъекциялардан кейін);Жоғары сезімталдық реакциялары: ангионевротикалық ісіну, препаратты енгізуге анафилактикалық немесе жоғары сезімталдық реакциясы;Көз тарапынан: артқы субкапсулярлы катаракта, көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома, экзофтальм, көру бұзылыстары;Тері тарапынан: жаралар жазылуының нашарлауы, тері атрофиясы, терінің жұқаруы, петехиялар және экхимоздар, бет эритемасы, жоғары тершеңдік, дерматит, бөртпе сияқты терілік реакциялар; стероидты пурпура; фолликулит; гипертрихоз; тербөртпе; стриялар; миалгия.

Балаларда қолданылуы

Көктамырға баяу, 1 жасқа дейінгі балалар: 1 мг; 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар: 2 мг; 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 4 мг. Алынатын жауапқа сәйкес 24 сағат аралығында 4 ретке дейін қайталауға болады.