A07DA03 Лоперамид (Loperamide)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы жедел диареяның симптоматикалық емі; 18 жастан асқан ересектерде дәрігердің бастапқы диагноз қоюынан кейінгі ішектің тітіркену синдромы түрткі болған диареяның жедел көріністерінің симптоматикалық емі. Несептің ұсталмауы, паллиативті көмекте ішек шаншулары кезінде.
    Клинические протоколы:
  1. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  2. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися диареей
  3. Анальная инконтиненция
  4. Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
  5. Синдром раздраженного кишечника у детей
  6. Ректовагинальный свищ
  7. Болезнь Гиршпрунга у детей
  8. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  9. Злокачественные новообразования прямой кишки
  10. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Лоперамид гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғарғы сезімталдығы бар пациенттерге; қан аралас нәжіспен немесе температураның көтерілуімен сипатталған жедел дизентериясы бар пациенттерге; жедел ойық жаралы колит; кең ауқымды әсер ететін антибиотиктерді қабылдаумен байланысты туындаған жалған жарғақшалы энтероколиті бар пациенттерге; Salmonella, Shigella және Campylobacter микроорганизмдері туындатқан, бактериялық энтероколиті бар пациенттерге.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ауыр диареясы бар пациенттер, әсіресе балаларда, орын басушы ем жүргізу қажет (сұйықтық пен электролитті қабылдау). 48 сағат ішінде клиникалық жақсару байқалмаса, лоперамидті қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралған жөн. Лоперамид қабылдап жүрген, ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер іш кебуінің алғашқы белгілері болған кезде емді тоқтату керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Хинидин, ритонавир - лоперамидтің плазмалық концентрациясын 2-3 есеге арттырады. Итраконазол - лоперамидтің плазмалық концентрациясын 3-4 есеге арттырады. Гемфиброзил - лоперамидтің плазмалық концентрациясын 2 есеге арттырады. Кетоконазол - қан плазмасындағы лоперамид концентрациясының 5 есеге артуы. Десмопрессин - қан плазмасында десмопрессин концентрациясы 3 есеге артты. Фармакологиялық қасиеті ұқсас препараттар - лоперамид әсерінің артуы. Асқазан-ішек жолдары арқылы өту жылдамдығын арттыратын препараттар - лоперамид әсерінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ұсынылмайды, әсіресе жүктіліктің бірінші триместірінде.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, гастральгия, іштің ауыруы мен жайсыздығы, метеоризм, диспепсия, ішек шаншуы, іштің қатуы, шаршау, ұйқышылдық, ұйқысыздық, бас ауруы, бас айналуы, сананың тежелуі/жоғалту, құрысулар, тремор, аллергиялық реакциялар ( тері бөртпесі), электролиттік бұзылыстар;Сирек: несеп кідірісі, буллезді бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, улы эпидермальды некролиз;Өте сирек: гиповолемия, паралитикалық  ішек кептелісі, улы мегаколонның жылдам дамуы, анафилактикалық шок және анафилактоидтық реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

12 жастан асқан балалар, жедел диареяны симптоматикалық емдеу: бастапқы доза - 2 капсула (4 мг), сосын әр сұйық нәжістен кейін 1 капсуладан (2 мг). Әдеттегі доза тәулігіне 3-4 капсуланы (6-8 мг) құрайды. Жедел диарея кезінде ең жоғарғы тәуліктік доза 6 капсуладан (12 мг) аспауы керек. 12 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз болуына байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді