H01CB02 Октреотид¹ (Octreotide)

Қолдану көрсеткіштері

Асқазан-ішек жолдарының (АІЖ) және ұйқы безінің эндокриндік ісіктерін емдеу - карциноидты синдромның белгілері бар карциноидты ісіктер, инсулиномалар, ВИПомалар, гастриномалар (Золлингер-Эллисон синдромы), глюкагономдар (операция алды кезеңінде гипогликемияны бақылау үшін, сондай-ақ демеуші терапия үшін), соматолибериномалар (өсу гормонының рилизинг-факторының жоғары мөлшерде өндірілуімен сипатталатын ісіктер); хирургиялық немесе медициналық кастрация кезінде кешенді терапияның құрамында қуық асты безінің гормон-тәуелді қатерлі ісігін емдеу; кең ауқымды құрсақ қуысына хирургиялық және торакоабдоминальды операциялар кезінде (соның ішінде, асқазан, жиек ішек, өңеш, ұйқы безінің обыры, бауырдың біріншілік және екіншілік ісікті зақымдануы бойынша) операциядан кейін болатын жедел панкреатиттің алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  3. Цирроз печени у взрослых
  4. Инсулома (инсулинома)
  5. Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода
  6. Острый панкреатит
  7. Хронический панкреатит у взрослых
  8. Рак желудка
  9. Акромегалия
  10. Острая кишечная непроходимость
  11. Рак поджелудочной железы
  12. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Октреотидке немесе басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Октреотидпен ұзақ уақыт емделіп жүрген пациенттерде қалқанша безінің функциясына бақылау жүргізу қажет. Октреотидті қолдану кезінде брадикардияның болуы туралы деректер бар. Холелитиазы, қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бета-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары, су-электролиттік балансты бақылауға арналған препараттар - брадикардия дамуы, дозасын түзету қажет.Инсулиндер, диабетке қарсы заттар - гипогликемия немесе гипергликемия дамуы, дозасын түзету қажет.Циклоспорин - октреотид циклоспориннің ішектік сіңірілуін төмендетеді.Циметидин - октреотид циметидиннің ішектік сіңірілуін төмендетеді.Бромокриптин - бромокриптиннің биожетімділігін арттырады.Цитохром Р450 жүйесінің ферменттерімен метаболизденетін және дозалардың терапиялық диапазоны тар препараттар - бірге сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Препараттың жартылай шығарылу кезеңінің артуына байланысты дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы.Жиі: іштің түйіліп ауыруы, іштің кебуі, іштің қатуы, диарея, тері астына енгізген жағдайда жергілікті реакциялар (ауырсыну, ісіну, қызару, тітіркену мен күйдіру), гипотиреоз, қалқанша безінің дисфункциясы, бас айналу, диспноэ, астения.Жиі емес: брадикардия, тахикардия, холецистит, шаштың түсуі.Сирек: аллергиялық бөртпелер, қышыну, жүрек айнуы, құсу, өт тастарының қалыптасуы, холецистит, билиарлы сладж, стеаторея, жедел ішек бітелісінің көріністері: іштің үдемелі кебуі, эпигастр аймағының айқын ауыруы, іш қабатының кернеуі, бұлшықеттік «қорғаныс».Өте сирек: анафилактикалық реакциялар, гипогликемия, гипергликемия, ентігу, жедел панкреатит, анорексия, жиі үлкен дәрет, холестазсыз жедел гепатит, гипербилирубинемия, сілтілік фосфатаза, гаммаглютамилтрансферазалар, трансаминазалардың жоғарылауы, тромбоцитопения, гиперкалиемия, артериялық гипертензия (ұзақ қолданған кезде).Жанама әсерлері туралы маркетингтен кейінгі деректер: анафилаксия, аллергиялық реакциялар, уртикарлы бөртпе, жедел панкреатит, жедел гепатит, холестазсыз жедел гепатит, өттің төгілуі, холестатикалық сарғаю, аритмия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Препараттың балаларда қолдану тәжірибесі шектелген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді