H01BB02 Окситоцин¹ (Oxytocin)

Қолдану көрсеткіштері

Босану әрекетін ынталандыру; медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті тоқтату; босанғаннан кейін жатыр инволюциясының жылдамдауы, жатыр атониясы, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтату; кесарь тілігі кезінде жатырдың жиырылу қабілетін күшейту (бала жолдасы түскеннен кейін).
    Клинические протоколы:
  1. Невынашивание беременности
  2. Послеродовый эндометрит
  3. Врожденные аномалии развития половых органов
  4. Аномалии родовой деятельности
  5. Аномалия зачатия плода (пузырный занос)
  6. Ведение родов
  7. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  8. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  9. Индукция родов
  10. Кесарево сечение
  11. Многоплодная беременность
  12. Послеродовое кровотечение
  13. Преждевременный разрыв плодных оболочек
  14. Роды через влагалище после предыдущего кесарева сечения

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық, жатырдың гипертониялық жиырылуы, ұрық гипоксиясы, ұрық және жамбас өлшемдерінің сәйкес келмеуі, диагностикалық анықталған шекаралы тар жамбас, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы, плацентаның дұрыс жатпауы, vasa previa – ұрық кіндігі тамырларының дұрыс орналаспауы, яғни, туылатын нәресте жолында, плацентаның уақытынан бұрын бөлінуі, кіндік пролапсы, көп жүктілік салдарынан жатырдың жыртылу қаупі, гидрамнион, көп жүктілік және жатыр қабырғасында операциядан кейінгі тыртықтар, соның ішінде, кесар тілігі, преэклампсиялық токсемия, жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, жатырдың инерттілігі, нефропатия, уақытынан бұрын босанулар.

Қауіпсіздік шаралары

Окситоцинді тек қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша қолдану! Дәріні тек аурухана жағдайында және білікті медициналық қызметкер бақылауымен тағайындайды. Окситоцинді қолдану кезінде жатырдың жиырылғыштық қызметін, ұрық жағдайын, пациенттің артериялық қысымын және жалпы жағдайын бақылау қажет. Артериялық қысым мен жүрек ырғағы өзгеруі, QT интервалының ұзаруы, сонымен қатар анасында және жаңадан туылған сәбиде сулы уыттану дамуы мүмкін. Ұзақ уақыт аралығында, құрамында электролиттері жоқ үлкен көлемдегі сұйықтықпен окситоциннің жоғары дозаларын қолданғанда сулы уыттану дамиды. Сулы уыттану және гипонатриемия жағдайында сұйықтықтың үлкен көлемін енгізуді болдырмау және сұйықтықты ішке қабылдауды шектеу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Простагландиндер және олардың аналогтары - олардың әсерін потенцирлеу немесе керісінше.QT интервалын ұзартатын заттар - QT интервалының ұзаруы, "пируэт" типіндегі қарыншалық тахикардияның даму қаупі.Ингаляциялық анестетиктер - окситоциннің утеротоникалық әсерінің төмендеуі, жүрек ырғағы бұзылыстарының дамуы.Тамырларды тарылтатын заттар/симпатомиметиктер - вазоконстрикторлар мен симпатомиметиктердің вазопрессорлық әсерінің күшеюі.Каудальді анестетиктер - симпатомиметикалық тамырларды тарылтатын агенттердің прессорлық әсерін потенцирлеу.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, тахикардия, брадикардия, жүрек айнуы, құсу.Жиі емес: аритмия.Сирек: анафилактикалық шок, ентігу, гипотония немесе шокпен жүретін анафилактоидты реакциялар, бөртпе.Жиілігі белгісіз: миокард ишемиясы, электрокардиограммада QT интервалының ұзаруы, қан қысымының төмендеуі, қан кету, ангионевротикалық ісінуі, жатыр гипертонусы, жатырдың тетаниялық жиырылуы, жатыр жыртылуы, сулы уыттану, анасындағы гипонатриемия, жедел өкпе ісінуі, қызару, диссеминирленген тамырішілік ұю, ангиодистрофия, ұрықтың дистресс синдромы, асфиксия және өлім жағдайы.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.