G04CB01 Финастерид (Finasteride)

Қолдану көрсеткіштері

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
    Клинические протоколы:
  1. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеуге дейін және емдеу кезінде қан сарысуындағы простат- спецификалық антиген деңгейін анықтауды қоса, саусақпен ректальді зерттеу жүргізу керек. Препаратты қабылдау кезінде қан сарысуындағы простат- спецификалық антиген концентрациясы шамамен 50% төмендейді. Препарат құрамында лактоза бар, тұқым қуалайтын галактозаны көтереалмаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза, галактоза сіңірілуінің бұзылыстары бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзетудің қажеттілігі жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Гормоналды бұзылыстар: депрессия, либидо төмендеуі, импотенция, сиректеу эякуляцияның бұзылуы, кеуде бездерінің ауыруы және ұлғаюы, сирек ерлерде кеуде ісігі, аталық бездің ауыруы.Аллергиялық реакциялар: бөртпе, сирек жоғары сезімталдық реакциялары, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі.Басқалар: сирек жүрек қағысының жиілеуі, бауырлық ферменттер деңгейінің жоғарылауы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.