G04CA53 Тамсулозин және Солифенацин (Tamsulosin and Solifenacin)

Қолдану көрсеткіштері

Монотерапияға талапқа сай жауабы жоқ еркектерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты, орташадан бастап күштіге дейін білінетін (несеп шығаруда ургентті қысылу, несеп шығарудың жиілеуі) толу симптомдарын (ирритативті симптомдар) және босату симптомдарын (обструктивті симптомдар) емдеуде.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; гемодиализ жүргізу; ауыр асқазан-ішек ауруларының (уытты мегаколонды қоса), миастениялардың және жабық бұрышты глаукоманың, сондай-ақ осы аурулардың даму қауіптерінің болуы; анамнездегі ортостаздық гипотензия

Қауіпсіздік шаралары

• Мына пациенттерге абайлап тағайындаған жөн: бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар несеп шығарудың іркілу қаупі бар, асқазан-ішектің обструкциялық аурулары бар, асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеу қаупі бар, диафрагманың өңештік саңылауының жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және эзофагитті тудыруы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы, бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге,   шеткері нейропатиясы бар пациенттерге, QT аралығының ұзаққа созылуы және «пируэт» типті тахикардия байқалған, QT аралығының ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіпті факторлары бар пациенттерге.• Жиі несеп шығарудың басқа себептеріне (жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек аурулары) препаратты қабылдауды бастағанға дейін баға берілуі тиіс.• Егер несеп шығару жолдарының инфекциялары бар болса, бактерияларға қарсы тиісті емді бастау қажет.  • Ем кезінде жекелеген жағдайларда артериялық қысымның төмендеуі байқалуы мүмкін, ол сирек жағдайларда естен тану жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Пациенттерге ортостаздық гипотензияның алғашқы белгілерінде (бас айналу, әлсіздік) отыру немесе жата тұру және белгілер жоғалғанға дейін осы күйде қалудың қажеттілігі жөнінде ескерткен жөн.  • Препаратты қабылдап жүрген және бұрын қабылдаған кейбір пациенттерде, катаракта мен глаукомаға байланысты операциялық араласым кезінде көздің нұрлы қабығының интраоперациялық тұрақсыздығы синдромының (қарашықтың тарылу синдромы) дамуы байқалды. • Емдеу кезінде көлік құралын жүргізбеу және қауіпті техникамен айналыспау ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, итраконазола, верапамил,  циметидин, пароксетин - бір мезгілде қолданғанда препараттың концентрациясын жоғарлатады. • Асқазан-ішек жолының моторикасын стимуляциялайтын дәрілік препараттард -  әсерініің төмендеуі • α1-адренорецепторлардың басқа бөгегіштері - бір мезгілде тағайындағанда гипотензиялық әсері.  • Диклофенак пен варфарин  -  препараттың шығарылу жылдамдығы артуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

CYP3A4 изоферменттерінің күшті тежегіштерімен, мысалы, кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кезде бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың орташа жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген. Препарат бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігінде (КК>30 мл/мин) қолданылуы мүмкін, бірақ бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде (КК≤ 30 мл/мин) абайлап қолданған жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.  Бауырдың орташа жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) бар пациенттер сақтықпен қабылдағаны жөн.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ауыздың құрғауы.Жиі: бас айналуы, шаршау; анық көрмеу; диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, іш ауыруы; эякуляцияның бұзылуы.Жиі емес: астения, ұйқышылдық, бас ауыруы, дисгевзия; терінің құрғауы, тамақтың құрғауы, мұрынның құрғауы, көздің құрғауы; ринит; қышыну, бөртпе, аллергиялық бөртпе; ортостаздық гипотензия; жүрек қағуы; құсу, диарея, гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру (ГЭРА); несеп шығару жолдарының инфекциялары, несеп шығарудың қиындауы, цистит; шеткері ісіну.Сирек:  жуан ішектің бітелуі, копростаз; несеп шығарудың кідіруіӨте сирек: психоз, елестеу; аллергиялық бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема; приапизмАса сирек/Жекелеген жағдайлар және т.б.: тәбеттің төмендеуі; анафилаксиялық реакция, эксфолиативті дерматит; сандырақтау; гиперкалиемия; нұрлы қабықтың интраоперациялық тұрақсыздығы, глаукома, көрудің бұзылуы; ентігу, дисфония; «пируэт» типті тахикардия, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, аритмия, жыпылықтағыш аритмия, тахикардия; іш аумағының жайсыздығы, ішек бітелісі; бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы; бұлшықет әлсіздігі; бүйрек жеткіліксіздігі.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.